Шымкент қаласы Еңбекші ауданында биыл 64 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында абаттандырылған үйлердің саны 565-ке жетеді. Бұл көрсеткіш 89,7% пайызды құрайды. Қалған 47 үйдің ауласы инженерлік жүйелермен толық қамтылған соң барып абаттандырылады. Сонымен қатар, 2011 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген 80 көпқабаттың үйдің 43-нің ауласында орналасқан балалар ойын алаңшаларын жөндеу және қайта құру жұмыстары ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЗЫҒҰРТ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабындағы «Қазығұрт» мәдениет үйінің қазіргі жағдайын аралап көрді. Мәдениет үйі 1988 жылы салынған. «Қазығұрт» өндірістік кооперативінің меншігінде. Бүгінде нысанды қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қазығұрт» мәдениет үйі (кітапхана) жалға алып отыр. Онда қазір үш адам жұмыс жасайды. Аумағы 1130 шаршы метр нысанда жөндеу жұмыстары соңғы рет 1998 жылы жүргізілген. Бүгінде жылыту жүйелері істен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында этнос жастары арасында «Абай оқулары» республикалық байқауы өткізілді. Әр өңірден жарысқа 20-ға жуық адам қатысты. Байқауға Шымкент қаласының намысын қорғап №88 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Пак Темур Андреевич қатысты. Абай шығармаларын көркем шеберлікпен орындаған Темур топтан оза шығып Бас жүлдеге ие болды. Аталмыш жарыста Абайдың білім, ғылым және өнер туралы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: БАДАМ КАНАЛЫНДА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНБАҚ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» каналына барды. Мұнда инвесторлар арқылы су электр станциясының құрылысы жүргізілмек. «Бадам» каналындағы кіші су электр станциясының қуаттылығы 1МВт болады деп жоспарлануда. Бұл қалалық орта үшін шуылы өте аз инновациялық суасты станциясы. Өндіріс қуаты жылына 8,5 млн. КВт. Жобаның құны – 738 миллион теңге. Яғни, жабдық сатып алу, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: №105 МЕКТЕП АУЛАСЫ КӨГАЛДАНДЫРЫЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мыңға жуық отбасы қоныстанған Бадам-1 тұрғын алабына барды. Бүгінгі таңда аталған тұрғын алаптың басты мәселесі — №105 жалпы орта мектебінің ескі ғимараты болып тұр. Ата-аналардың алаңдаушылығын назарға алған қала әкімі апатты ғимараттың жағдайымен танысып қайтты. 2015 жылы №105 орта мектептің жанынан 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Онда қазір 900-дей оқушы білім алады. Мектеп ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ БАЗАРҚАҚПА ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында Базарқақпа тұрғын алабына барды. Ондағы өзекті мәселе болып отырған кәріз жүйесінің жұмысымен танысты. Базарқақпа тұрғын алабында орталық (магистралды) кәріз жүйесі Тельман, Далабазар көшелерінен өткен. Көршілес Шаңырақ шағын ауданындағы орталық кәріз жүйесі Айбота көшесінен өткен. Аталған кәріз жүйесі 2010 жылы бітеліп істен шыққан. 2017 жылы мердігер мекеме «ТКСК-Строй» ЖШС-і 3,3 шақырым кәріз ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 101 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25», «2-10-20» және «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру мақсатында «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ басқарма басшысы кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Шымкент қаласында жер қойнауын пайдаланушылармен қала аумағындағы автомобиль жолдарына ауыр жүк көліктерінің зақым келтірмеу мақсатында карьерде өлшеу құралдарын (таразы) орнату туралы міндеттеме енгізілген болатын. Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша, осы міндеттемені бүгінгі таңда тек қана 10 жер қойнауын пайдаланушы ерікті түрде орындаған. Қалған 19 жер қойнауын пайдаланушыға мәжбүрлі міндеттемені жүктеу мақсатында Шымкент қаласының экономикалық ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 101 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25», «2-10-20» және «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру мақсатында «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ басқарма басшысы кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА НАУБАЙХАНА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Шымкентте соңғы кездері наубайхана өндірісіне қызығушылық артып келеді. Бұл салаға маманданған жеке кәсіпкерлер кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде Қаратау ауданы 330 кварталда орналасқан «Темиршиков» ЖК-нің нан-тоқаш өнімдерін өндіретін наубайхананың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 7200 шаршы метрді құрайтын наубайхана тәулігіне қуаттылығы 90 мың дана нан өнімдерінің түрлерін өндіруге бағытталған.65 мың дана әлеуметтік нан (қалыпты бөлке нан) шығаруға ...
Читать далее »