ШЫМКЕНТ: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласында жер қойнауын пайдаланушылармен қала аумағындағы автомобиль жолдарына ауыр жүк көліктерінің зақым келтірмеу мақсатында карьерде өлшеу құралдарын (таразы) орнату туралы міндеттеме енгізілген болатын.

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының айтуынша, осы міндеттемені бүгінгі таңда тек қана 10 жер қойнауын пайдаланушы ерікті түрде орындаған. Қалған 19 жер қойнауын пайдаланушыға мәжбүрлі міндеттемені жүктеу мақсатында Шымкент қаласының экономикалық сотына талап арыздар жолданды.

Нәтижесінде, бүгінгі таңда барлық 19 жер қойнауын пайдаланушыға таразы құралдарын орнату бойынша соттың оң шешімі шыққан.

Биыл 9 айдың қорытындысына сәйкес, басқарма тарапынан жолданған ескертпе хаттардың нәтижесі бойынша келісімшарт міндеттемелерін орындамаған 16 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары екі жақтың келісімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның ішінде, 11-і екі жақтың келісімімен, 5-і жергілікті атқарушы органның хаты бойынша жасалған.

Қала аумағында қазіргі уақытта қалған жер қойнауын пайдаланушылардың саны – 22. Оның ішінде: 10 – құмды-шағал қоспасын, 11 – топырақты және 1-і кварц құмын өндіретіндер.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*