Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дарын орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Оған Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Дарын орталығының директоры Раушан Джеренова, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов қатысты. Шараның мақсаты – дарынды балаларды анықтауға, ынталандыруға, қолдауға, теориялық және практикалық біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік ашу. Іс-шара барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Дарын орталығы» КММ-нің жұмысымен ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ТУҒАН КҮНІНДЕ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Қызтай Дүйсебекова жүзінші күзін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды. Екі ғасырдың куәсі болған қарт кісіні медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды. Қызтай әжей 7 қыркүйек күні Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген еді. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, әжейдің өкпе тінінің 55% зақымдалғаны анықталды. Бұған қоса қарт кісіні асқазанындағы ...
Читать далее »МЕДИАТОРЛАРДЫҢ БІЛІМ-БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Шымкент қаласының аудан аумақтарында аудандық соттың судьялары мен ауыл билері, медиаторлармен кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналған. Ондағы мақсат – медиаторлардың жұмысын жандандыру, біліктілігін арттыру. Еңбекшi аудандық сотының судьясы Еркін Отарбаев Қазығұрт аумағы бойынша ауыл билерімен және медиаторлармен кездесіп, пікір алмасты. Жиында дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей шешу, оның ішінде неке бұзу фактілерін болдырмау, отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында бірлесе жұмыс жүргізу мәселелері талқыға түсті. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «МАЛАХИТ» ПЛАТФОРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласында осы жылы мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, білім беру бойынша жүйелі шаралар қабылданған. Бұл жөнінде толығырақ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты. — Биыл мүмкіндігі шектеулі балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ету мақсатында «МАЛАХИТ арнайы білім беру ұйымдарының қызметтері» платформасын іске қостық. Онда арнайы білім беру ұйымдары көрсететін қызметтерді ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «BESKUDUKTAS» ЖШС – МАРЖАН ТАСТАРЫН ӨҢДЕЙТІН КӨШБАСШЫ КӘСІПОРЫН
ҚР Президенті Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі екенін атап өткен болатын. Бүгінде Шымкент қаласындағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асқан жобалардың бірі — «Бесқұдық тас» зауыты. Қазіргі таңда маржан тастарын өңдейтін көшбасшы, әрі өзінің шикізат және өндірістік базасы негізінде құрылған заманауи кәсіпорындардың бірі. Онда дайындалған травертин құрылыс материалдары Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын ...
Читать далее »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 86 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ
Шымкент қаласында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жасалынуда. Атап айтқанда, биыл сегіз ай ішінде Шымкент қаласы әкімдігіне келіп түскен 2, 5 миллион қызметтің 2 миллион 200 мыңы немесе 86,1 проценті электронды түрде көрсетілген. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметті электронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңға өскен. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ
Биыл шымкенттіктерді тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 128 963 доза вакцина сатып алынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қосымша 109 432 дозаға өтініш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп екенін айтуда. Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекенжайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. •Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар; • медициналық қызметкерлер; •жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі); ...
Читать далее »АУРУХАНАЛАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Шымкент қаласының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін пайдалануға алды. Бұған дейін қалаға өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын. Атап айтқанда, қалаға 10 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр және бір өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 3 жедел жәрдем көлігі келді. Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ...
Читать далее »ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Қалада 1 896 көп қабатты үй бар. Соның 90 проценттен астамы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Қала әкімі, алдымен, әкімшілік-іскерлік орталықтағы жылу қазандығына барды. 2015 жылы іске қосылған қазандық 1124 шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда мол жылу бере алатын BOSCH LOOS UT-HZ пештері ...
Читать далее »КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтті. Ондағы мақсат — қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске дайындығын барынша пысықтау. Іс-шараға инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) ұйымдары қатысты. Оқу-жаттығу жұмыстарына 36 БМСК ұйым, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылды. Онда науқастың шақыртуының ...
Читать далее »