МЕДИАТОРЛАРДЫҢ БІЛІМ-БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Шымкент қаласының аудан аумақтарында аудандық соттың судьялары мен ауыл билері, медиаторлармен кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналған. Ондағы мақсат – медиаторлардың жұмысын жандандыру, біліктілігін арттыру.

Еңбекшi аудандық сотының судьясы Еркін Отарбаев Қазығұрт аумағы бойынша ауыл билерімен және медиаторлармен кездесіп, пікір алмасты. Жиында дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей шешу, оның ішінде неке бұзу фактілерін болдырмау, отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында бірлесе жұмыс жүргізу мәселелері талқыға түсті. Аудандық соттың судьясы ауыл билері мен медиаторлардың жұмысын жандандыру, медиация заңы туралы өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, іс-шарада Еңбекші ауданы әкімінің аппарат басшысы Ерлан Күзенбаев семинар-тренинг өткізді. Оған 4 медиатор қатысып, білім-біліктілігін арттырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*