Авторские архивы: admin

КӘСІПКЕРЛЕР МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНА ТАҒЫ ДА ТАРТУ ЖАСАДЫ

Шымкенттік кәсіпкерлер медицина саласына көмек көрсетуді жалғастыруда. Шымкенттік кәсіпкерлер медицина ұйымдарына тағы да тарту жасады. Медициналық жабдықтар мен жиһаздардың отандық өндірушісі «Medcomfort» ЖШС-нің құрылтайшылары Каташов Дәулет пен Қарсыбаев Әділхан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өз қаражаты есебінен қаладағы бірнеше медицина ұйымдарын қажетті медициналық жабдықтармен қамтасыз етті. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы хабарлады. Олар коронавирус инфекциясына және пневмония ауруына шалдыққан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен емханалары жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, Мұрат Дүйсенбекұлы мобильді бригадалар санын әліде арттыру қажеттігін айтты. Сол себепті, олардың саны бүгінде 197-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді. «Шымкент ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

Шымкент қаласы Қаратау ауданында биыл 39 көпқабатты үйдің қасбеті ретке келтірілуде. Бұл жұмыстарға сол үйлердің тұрғындарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, Асар шағын ауданында 2017 жылы пайдалануға берілген 30 көпқабатты үйде сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 12 бригада жұмыс істесе, ...

Читать далее »

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

Шымкентте Абай Құнанбаев атындағы гимназия мектебі ашылмақ. Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, жаңа оқу жылында Шымкент қаласында «Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» есігін айқара ашпақ. Бұл туралы 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындығымен бөліскен Шымкент қаласының Білім басқармасы хабарлады. Сондай ақ, биыл қаламызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» және кластері болып ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР САНЫ БЕСЕУГЕ АЗАЙДЫ

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. Нәтижесінде, үшінші мегеполис атанған Шым шахарымызда апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, жалпы 2020 жылы қалада ...

Читать далее »

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов демалыс күні төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында, Бадам өзен арнасын бұру және бұзылған жолды қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыстардың барысымен танысу кезінде айтты. Әкім Абай ауданына қарасты Жаңаталап ауылы тұрғындарының заңсыз құм қазу кесірінен Бадам жағасын су шайып кету қаупі бар деген шағымдарын назарға алып, заңсыз жер қойнауын падаланушылардың мәселесін ...

Читать далее »

БИЫЛ ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚҰРБАН ШАЛЫНАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қатысуымен баспасөз брифинг болып өтті. Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Құрбан шалу жағдайы бар әр мұсылманға уәжіп амал. — Елдегі енгізілген карантин жағдайына байланысты Құрбан айт намазы оқылмайды, қасапханаларда мал сойылмайды. Бірақ, құрбан шалуға ниетті азаматтар қашықтан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Шымкентте қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 («Шымкент жасыл қала» -50, Әскери қызметшілер — 40, сервистік мекемелер — 80) су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылуда. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданы — ...

Читать далее »

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 108 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛУДЕ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлім етті. — Биыл аудан аумағындағы “Азат”, “Ақжайық”, “Асар-2”, “Бозарық” шағынаудандары, “Бозарық” саяжайы мен “Орманшы”, “Мәртөбе”, “Қайнарбұлақ”, “Достық” тұрғын алаптарындағы 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, “Тұран” шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге баратын №1, №2 және №7 көшелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. “Сайрам” тұрғын алабындағы облыстық ...

Читать далее »

АБАЙДЫҢ ӘНІ АЛҒАШ РЕТ ЖАПОН ТІЛІНДЕ ОРЫНДАЛДЫ

Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде «Көзімнің қарасы» әнін орындау арқылы құттықтады. Әлемнің барлық елдеріне тараған коронавирус пандемиясы кезінде ол Қазақстан халқына осы сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тез арада оралуын тіледі. Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы «кото» ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен «Zerosta» продюсерлік компаниясымен жасалды. Әннің сөзін жапон тіліне «Wako» университетінің профессоры Хироки ...

Читать далее »