АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

Шымкентте Абай Құнанбаев атындағы гимназия мектебі ашылмақ.

Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, жаңа оқу жылында Шымкент қаласында «Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» есігін айқара ашпақ.

Бұл туралы 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындығымен бөліскен Шымкент қаласының Білім басқармасы хабарлады.

Сондай ақ, биыл қаламызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» және кластері болып табылатын 5 «IT мектеп-лицейі» қайта құру арқылы ашылады.

Шымкент қаласындағы білім мекемелерінде жаңа оқу жылына интернет желісінің жылдамдығын ұлғайту жұмыстары да жүргізілуде.

Шымкент қаласы білім басқармасы мамандарының хабарлауынша, пандемия кезеңінде қашықтықтан оқыған жағдайда интернетке мұқтаж оқушыларға мемлекет бюджеті есебінен «Қазақтелеком» АҚ арқылы арнайы интернет желісіне қосылған «ӘМБЕБАП-НӨМІРЛЕР» берілу жоспарлануда екен.

«Қазақтелеком» АҚ тарапынан топтық конференция трансляциясын Шымкент қаласында арнайы сервер орнату арқылы ұйымдастырылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*