Авторские архивы: admin

«Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді

2017 жылғы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып белгіленіп, «Шымкент 2020 — ТМД-ның мәдени астанасы» жылының ресми, салтанатты ашу рәсімін қаладағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өткізу жоспарланған болатын. Алайда, әлемде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бұл жоспар тоқтатылды. Қазіргі таңда, қала әкімі М. Әйтеновтың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН МЕРЗІМІ 6 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен коронавирус пандемиясына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ербол Әбілхайырұлы коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанын алға тартып, осыған орай карантин мерзімі ұзаратынын және кейбір шектеу шаралары енгізілетінін жеткізді. – Қаламызда шектеу шарасы 22 маусымға дейін еді. Енді бұл 6 шілдеге дейін созылып отыр. Одан бөлек, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАТАЛ ТӘРТІП ПЕН КҮШТІ ТАЛАП КҮТУДЕ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Ұлттық біріңғай тестілеу және «Елбасы медалі» жобасы туралы брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева және Шымкент қаласы Дарын орталығының директоры Р.Джеренова қатысты. Брифингте ең алғаш сөз алған Жанат Тәжиева мектеп түлектері төртінші тоқсан қорытындысын жақсы тәмамдағанын жеткізді. Нәтижесінде 546 оқушы алтын белгі алып, бүгінде оның 359-ы үздік аттестаттың иегері атанғанын және осы жылдың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «МЕДИЦИНА ЖАНЫҢЫЗДА» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында «Қала күні» мерекесіне орай «Медицина жаныңызда» атты акциясы басталды. Аталған шарада білікті дәрігерлерден құралған медициналық керуен эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, қала шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуде. Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог, маммолог, онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар жергілікті тұрғындарға карантин кезінде созылмалы ауруды асқындырып алмауды және коронавирустан қорғану жөнінде кеңес ...

Читать далее »

«НАУРЫЗ» АЛАҢЫ МАҢЫНДА ЭТНОАУЫЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта «Шымкент 2020 — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өтеді деп жоспарланған болатын. «Көне қала» этноауылында 12 киіз үй мен көрме қойылатын жартылай киіз үй, Ақ қанатты шатыр үй де құру жоспарланған. Сонымен қатар, ауылда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ 1 159-ҒА ЖЕТТІ

Қазақстанда өткен тәулікте, яғни 14.06.2020 жылғы мәлімет бойынша 313 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 14 мың 809. Өткен тәулік ішінде еліміздің 313 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 26-сы — Шымкент қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар ...

Читать далее »

КОРОНАВИРУСТЫҢ СИМПТОМСЫЗ ТҮРІН ЖҰҚТЫРҒАН ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЖАДЫНАМА

2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды. Оның ішінде Шымкент қаласының көрсеткіші – 70. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда — 4892. Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған науқас амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға алынып, үйінде (үй карантині) оқшауланады. Осы ретте назарларыңызға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған коронавирус инфекциясының ...

Читать далее »

САНСЫЗ БАБТАР МЕКЕНІНЕ ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ

Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» өткізілді. Қасиетті жұма күні қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесенеге зиярат етілді. Онлайн жүйесіндегі экспедиция тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беруді, қаланың туристік әлеуетін танытуды мақсат еткен. Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі ...

Читать далее »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек. Қай ...

Читать далее »

ЕРІКТІЛЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы волонтерлары «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қаладағы «Комсомол» көлі аумағында орналасқан 752 га мемлекеттік орман қоры жерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл іс- шараға 30 ерікті жас жұмылдырылды. Орман — жер бетіндегі табиғат қорларының басты типі екендігін еске алсақ, ондағы табиғи байлықтарға да арнайы күтім қажет. Осыны ескерген «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен орталық ...

Читать далее »