САНСЫЗ БАБТАР МЕКЕНІНЕ ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ

Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» өткізілді.

Қасиетті жұма күні қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесенеге зиярат етілді.
Онлайн жүйесіндегі экспедиция тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беруді, қаланың туристік әлеуетін танытуды мақсат еткен. Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі баба», «Қожа Салық» кесенелерінің аумағын қоршау, көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылымы реттелгені белгілі. Қаладағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштердің көбіне QR кодтар орнатылған.
Сансыз бабтар мекеніне зиярат етушілер ең алдымен Ибраһим ата кесенесіне ат басын тірейді. Бұл кесене Сайрамның солтүстік-шығысында орналасқан шейх Ибрагим-Ахмет Яссауидің әкесі мазарының үстіне салынған. Басындағы құрылысы (XII- XIVғғ.) көп уақыт шыдамай, құлап қалған. Кесене XIX ғасырда қайта салынды. Бұл кісі көріпкел, әулие кісі болған. Сайрам мұражайында жазбалар сақталған.

Қарашаш Ана күмбезі — ХІІІ-ХІV ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші. Қожа Ахмет Иасауидің анасы — Қарашаштың басына тұрғызылған. Шымкент қаласы Сайрам ауылында орналасқан. Қызыр пайғамбар мұнарасы (18–19 ғасырлар) – сәулет өнері ескерткіші. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған минарет мұнаралы құрылыстар қатарына жатады. Тұрғызылған кездегі биіктігі 10,5 м болса, кейіннен жер сілкінісінің нәтижесінде біраз бөлігі құлаған. Қазіргі кезде құрылыстың сақталған бөлігінің биіктігі 5 м шамасында.
Мірәлі баба кесенесі ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ-ғасырдың басында өмір сүрген діни ғұлама адамның құрметіне арналып салынған.

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының шығыс бөлігінде орналасқан тағы бір киелі жер- Сайрам қалашығы (Исфиджаб). Сайрамның тарихи аты – Исфиджаб. 1,5 мың жылдық тарихы бар Сайрам шаһары қазақ халқының материалды және рухани қазынасы.
Әбділ Әзиз — баб атындағы кесене XVI жылы тұрғызылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*