ҚОҒАМ

Бірнеше облыста көктайғақ салдарынан ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК өкілдері хабарлады. 22-23 қаңтар аралығында Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды. Өңірлерде қар жауып, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Читать далее »

Қытай вирусы: індеттің таралу қаупі жоғары

Қытайдың денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері 9 адамның өмірін жалмаған белгісіз вирустың мутацияға ұшырап, одан әрі таралуы мүмкін екенін айтып отыр. Ухань қаласынан басталған вирустан жапа шеккендердің саны 440-қа жеткен. Соңғы мәліметтерге сенсек, дерт белгілері Қытайдың бірнеше провинциясында, АҚШ, Таиланд және Оңтүстік Кореяда байқалған. Осыған дейін вирустың адамнан адамға жұғатыны айтылған еді. Дегенмен, Қытай әлі де белгісіз вирустың қайдан пайда болғанын ...

Читать далее »

Еңбекші ауданы әкімінің қорытынды есебі өтті

Шымкентте Еңбекші ауданы әкімі Ғалымжан Ильясовтың халыққа есеп беру жиыны №24 мектеп-лицейде қорытындыланды. Есептік жиынға қала әкімі Ерлан Айтаханов, қалалық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Кездесуде аудан әкімі 2019 жылы атқарылған негізгі басымдықтарға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жайын баян етті. Аудан тұрғындары инфрақұрылым, қоғамдық көлік, жол, көпқабатты үйлердің ауласын жарықтандыру мен ойын алаңшаларын салу, жер ...

Читать далее »

Әл-Фараби ауданы әкімінің қорытынды есебі өтті

Ауданда әлеуметтік көмек алған 2249 отбасы өз кәсібін ашқан Бұл туралы аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов халық алдындағы қорытынды есебінде айтып өтті. Оның айтуынша, әлеуметтік көмек алған 760 отбасы тігін цехын ашса, 550-і кондитерлік өнім шығаруда, ал 743 отбасы мал шаруашылығымен айналысып, 128-і сұлулық салоны, 68 отбасы ағаш өңдейтін цех пен егін шаруашылығымен айналысуда. Жастар ресурстық орталығында өткен есептік жиынға қала әкімі ...

Читать далее »