Шымкентте Еңбекші ауданы әкімі Ғалымжан Ильясовтың халыққа есеп беру жиыны №24 мектеп-лицейде қорытындыланды. Есептік жиынға қала әкімі Ерлан Айтаханов, қалалық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, аудан тұрғындары қатысты.
Кездесуде аудан әкімі 2019 жылы атқарылған негізгі басымдықтарға тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жайын баян етті.
Аудан тұрғындары инфрақұрылым, қоғамдық көлік, жол, көпқабатты үйлердің ауласын жарықтандыру мен ойын алаңшаларын салу, жер саласы және спорт кешендерін салу мәселелері бойынша сұрақтарын жолдады. Өз кезегінде Ғалымжан Молдабайұлы бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.