ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ЖҮРЕГІНДЕ АХАУЫ БАР НАУҚАСҚА СТЕНТ-ГРАФТ ОРНАТУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте алғаш рет жүрек тұсында ахауы бар науқасқа стент-графт орнату отасы жасалды. Күрделі операцияны Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігерлері Арипов Марат пен Землянский Виктор жасады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Білікті мамандар операция кезінде қолқа аневризмасы және кеуде аневризмасы бар екі науқасқа хирургиялық жолмен стент-графт орнатып берді. Қолқаның саңылауын қалыпқа келтіретін түтікше медицинада стент-графт деп ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ 3 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласында коронавирустың екінші кезеңіне дайындық шаралары жүріп жатыр. Коронавирус пандемиясының болжанып отырған жаңа толқынына дайын болу үшін провизорлық және инфекциялық стационарлардың жұмысын әзірлеу мақсатында арнайы 3 бағыт әзірленген. Бұл туралы бүгін онлайн режимде коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады. Әкімнің айтуынша, тұрақты эпидемиологиялық жағдай кезінде қаланың медицина ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

Президент қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді көп қабатты тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды. М.Әйтенов мемлекет басшысына 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында қалада жүзеге асырылып ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЫЙЫ – ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент қаласының сыйы – ғылыми-әмбебап кітапхананың бүгінде сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Кітапханада 250 мың кітап қоры болады. Оқу залы 392 орынға лайықталған. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8414 шаршы метрді құрайды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Кітапханада біршама технологиялық шешімдер қарастырылған. Мәселен, келуші экранды басып, қажетті ...

Читать далее »

ПРАЙМЕРИЗ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов Қаратау ауданында орналасқан 27 дауыс беру учаскесінде болып, праймеризге қатысушыларға дауыс берді. Өз таңдауын жасаған қала басшысы партияластарын белсенді түрде дауыс беруге шақырды. -Праймериздің мақсаты арамыздан қабілетті, білімді, шынайы көшбасшыларды табу. Бұл саяси додаға кәсіпкерлер, құрылысшылар, медицина мамандары, мұғалімдер, жалынды жастар, көпбалалы аналарға дейін қатысып жатыр. Мен толығымен праймеризге ...

Читать далее »

Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанында болды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды. Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады. Сондай-ақ шара аясында қала әкімі М.Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕРДІҢ ЕҢ КӨП ТҰТЫНАТЫН ТАҒАМЫ — СҮТ ПЕН СҮТ ӨНІМДЕРІ

Шымкент қаласы тұрғындарының ең көп тұтынатын тағамдарының бірі — сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен нан және жарма өнімдері болып шыққан. Бұндай мәліметті ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ресми сайтында жариялаған. Ал, шымкенттіктердің ең аз тұтынған өнімдері балық және теңіз өнімдері мен май және мал майы екен. Статистердің мәліметінше, 2020 жылғы IІ тоқсанда 2019 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда үй ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 15 ҚАЗАННАН БАСТАП ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге «Төлем» электронды билет жүйесін енгізу мәселесі бойынша баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «QazSmartTrans» ЖШС басшысы Сержан Ақылбаев жаңа жоба жайлы жан-жақты түсіндіріп берді. – Электронды төлем жүйесін енгізу «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестиция есебінен атқарылуда. Инвестиция көлемі – 1,2 млрд. теңге. Бүгінде стационарлық валидарторлар 350-ден астам автобусқа орнатылды. 30 қыркүйекке дейін барлық автобустарға ...

Читать далее »

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ОНКОЛОГТАРЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласында 26 қыркүйек күні қалалық онкологиялық орталықта «Ашық есік» күні өтті. Онда еліміздің үздік онколог дәрігерлері қала тұрғындарын қабылды. Қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау мақсатында өткен шараға Қазақ ұлттық онкология және радиология ғылыми зертеу институтының — директоры, м.ғ.д. Диляра Қайдарова, химиотерапевт Оксана Шатковская, маммология орталығының меңгерушісі, м.ғ.д. Алия Абдрахманова, гинекология бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к. Ерлан Кукубасов секілді білікті мамандар қатысты. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЧЕМПИОНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуесқойлар арасында шағын футболдан өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен «Стандарт» футбол командасының мүшелерін қабылдады. Шаһар басшысы футболшыларды ел чемпионы атануымен құттықтап, оларға бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқаны үшін алғыс айтты. —Әуесқойлар арасындағы футбол — бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердің жеңістеріңіз барша шымкенттіктер үшін елеулі оқиға деп білемін. Спорт – денсаулық ...

Читать далее »