ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЧЕМПИОНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуесқойлар арасында шағын футболдан өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен «Стандарт» футбол командасының мүшелерін қабылдады.

Шаһар басшысы футболшыларды ел чемпионы атануымен құттықтап, оларға бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқаны үшін алғыс айтты.

—Әуесқойлар арасындағы футбол — бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердің жеңістеріңіз барша шымкенттіктер үшін елеулі оқиға деп білемін. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ұрпақтың дені сау болса, ұлтымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ. Сол себепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасап отыр, — деген Мұрат Дүйсенбекұлы биыл Шымкентте 27 Street-workout алаңы салынғанын атап өтті.

Мұрат Әйтенов қазір қала тұрғындарының 28 пайызы спорт және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысатынын, осы көрсеткішті Президент тапсырмасында айтылғандай, 30 пайызға жеткізу мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды.

Қала әкімі команданың жеңіске жетуіне бапкерлер Сабыржан Бекпаев пен Хусан Утаметовтің де зор үлес қосқанын айтып, оларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар «Стандарт» командасының алдағы уақытта Украинада өтетін шағын футболдан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдірді.

Кездесудің соңында әкім бапкерлер мен футболшыларға Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*