ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАНТТЫ КҮЛШЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Қаламыздағы ірі кәсіпорындардың бірі «Рахат-Шымкент» фабрикасы қантты күлше шығаратын жаңа желісін іске қосты. Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы Константин Федорец қатысты. Жоба құны 3,2 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 2,6 млрд.теңге «Даму Өндіріс» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша алынған. Аталған кәсіпорын өткен жылы сәуір айында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасында жасалған меморандумға сәйкес ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОС НАУҚАСҚА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Дәрігерлер қос ананың бүйрегін науқас балаларына хирургиялық жолмен салып берді. Бейбіт Сидазимов 2 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі дертімен есепте тұрады. Науқас бұған дейін төсекке таңылып, гемодиализ аппаратына қосылған. Бүйрегінде ақауы бар 33 жастағы азаматқа туған анасы донор болды. Дәрігерлер 1965 жылғы азаматшаның бір бүйрегін хирургиялық жолмен алып, туған ұлына сәтті ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЖАС ҒАЛЫМ ОЙЛАП ТАПҚАН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі Азамат Қонысбай пандемия кезінде жаңа технология ойлап тапты. Ол суды, тұрмыстық және өндірістік үй-жайларды залалсыздандыруға арналған азон генераторын жасап шығарған екен. Жас технолог өз жұмысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстырды. — Озон генераторының құны 150 000 теңгені құрайды. Бұл санитарлық дезинфекция қызметін пайдаланудан шамамен 1 жылға есептегенде 25 есе арзан. Яғни технологияны ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «SHYMKENT BIKE» ВЕЛОСИПЕДТЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР КӨБЕЮДЕ

Шымкент қаласында қыркүйек айының басында қайта іске қосылған «Shymkent bike» велостанцияларынан бүгінгі күнге дейін тұрғындар 4 324 рет велосипед жалға алған. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстармен танысуы кезінде белгілі болды. Жобада 160 велосипеді бар 40 велостанция қарастырылған. Әзірге соның 31-і жұмыс істеп тұр. Қалған 9 станция алдағы уақытта іске қосылады. Қыркүйек айының басынан ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Шаһар басшысы, алдымен, А-2 айналма жолындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыс 2018 жылдың қазан айында басталған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 916.3 миллион теңге. Соның 1 миллиард 167 миллионы биылғы жылы бөлінген. Көпір қараша айында пайдалануға беріледі. Кеңейіп, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 800 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

Биыл қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшетін егу жоспарланған. Көктем айларында 71 253 дана ағаш көшеті отырғызылған. Ал күз мезгілінде 703 646 дана көшет сенбіліктер аясында егіледі. Сонымен қатар, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 8 ай көлемінде 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүл орындары мен 18,5 мың шаршы метр жерге газон орындары жасалған. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАРҒА «HАLYK-SAULET» ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы жер, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінде оның барлығы да электронды түрде жүргізіліп отыр. Мәселен, басқарманың «нalyk-saulet» жүйесі іске қосылған болатын. Ол арқылы жылжымайтын мүлікке нөмер беру, оны нақтылау және жою қызметтері толықтай автоматтандырылды. Бұған дейін бұл қызметті тұрғындар 6 жұмыс күні ішінде алып келген. Қазір электронды бағдарламаның арқасында жарты сағат көлемінде ...

Читать далее »

ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ІҢКӘРЛІК БАЛА КЕЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жанашырлықты жасөспірімдердің бойына ерте бастан сіңірудің маңызы зор. А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында осы мақсатта тағылымды іс-шара өтті. № 65 «Балбұлақ» балабақшасының тәрбиеленушілері «Құстарға қамқорлық» ретінде саябақтағы ағаш-бұталарға бірнеше ұяшықтар орнатты. Бір қызығы, онда ұяшықтың қандай құсқа арналғаны жазылған. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болған іс-шарада бүлдіршіндер табиғатқа және құстарға деген ...

Читать далее »

ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 30 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті. Дүниежүзілік акцияның мақсаты — экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Аталған сенбілікке қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімі аппаратының және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысып, Дендросаябақ аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондақ-ақ, шаһар басшысы дендрологиялық саябақтағы тұқым бағын аралап, отырғызылған көшеттерді көрді. Биыл саябаққа гендік қорды көбейту үшін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 3 500- ГЕ ЖУЫҚ КЕЗЕКШІ СЫНЫП АШЫЛДЫ

Пандемияға байланысты елімізде оқу жүйесі қашықтан оқыту форматында жүріп жатыр. Бүгінде үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 1-4 сынып оқушылары мектеп қабырғасында білім алып жатыр. 49 640 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналардың өтініші негізінде 3 344 кезекші топ ашылды. Яғни білім алушылардың 22 проценті мектепке барып жатса, қалған 78 проценті қашықтан білім алуда. Барлық мектептерде «Bilim Iand ...

Читать далее »