ТҰРҒЫНДАРҒА «HАLYK-SAULET» ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы жер, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 19 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінде оның барлығы да электронды түрде жүргізіліп отыр.

Мәселен, басқарманың «нalyk-saulet» жүйесі іске қосылған болатын. Ол арқылы жылжымайтын мүлікке нөмер беру, оны нақтылау және жою қызметтері толықтай автоматтандырылды.

Бұған дейін бұл қызметті тұрғындар 6 жұмыс күні ішінде алып келген. Қазір электронды бағдарламаның арқасында жарты сағат көлемінде алу мүмкіндігі туып отыр. Биыл 8 айда «нalyk-saulet» жүйесі арқылы азаматтарға 7 500 мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.

Сонымен қатар, халықтың тарапынан ең үлкен сұранысқа ие сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру қызметі (АПЗ) автоматтандырылды. Былтыр осы қызметті алу үшін 17 жұмыс күні қажет болса, қазір 3 жұмыс күні ішінде алуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, АПЗ-ны алу кезіндегі талап етілетін табиғи монополия субъектілерінің техникалық шарттарын өткен жылы 15-20 күнде алатын. Автоматтандырылғаннан кейін бұл қызмет түрін де 2 жұмыс күні ішінде алуға болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*