Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып, қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты. Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысын әкімдік пен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның қолдауымен ресейлік инвесторлар «Хевел» компаниясы жүзеге асырып жатыр. 50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны 6,2 млрд теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдерінен тұрады екен. Жылына ...
Читать далее »ҚОҒАМ
«ШАҢЫРАҚ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталыққа арнайы ғимарат бөлініп, ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығының жанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы секторы құрылып, қазіргі таңда халыққа өз қызметін жаңа үлгіде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНЫ ӨТЕЛЕДІ
Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу туралы 28 236 азаматтың өтінімі мақұлданған. Осы мақсатта арнайы Call-орталығы ашылған болатын. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мамандарының айтуынша, аталған орталыққа 35 мыңға жуық адам қоңырау шалып, ақпараттық кеңес алған. Төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметіне сәйкес мамыр-маусым айындағы жоспарланған 527 миллион теңге толығымен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЛЛЕЯЛАРДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Биыл Шымкент қаласындағы бірқатар аллеяда абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай қала әкімі Мұрат Әйтенов аллеяларды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Шаһар басшысы алдымен 2006 жылы бой көтерген «Шәмші әлемі» аллеясына барды. Аллеяның жалпы алаңы – 2,62 гектар. Мамандар тарапынан «Шәмші әлемі» аллеясына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аллея ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 80 пайызынан астам плиталық төсеніштері жөндеуді ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА БАЗАСЫНАН ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Бүгінгі таңда Шымкенттегі №2 қалалық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухана ғимаратының корпустарын бөлшектеу, үй-жайларды (кабинет) алғашқы өңдеу, инженерлік коммуникацияларды қайта жүргізу және өзде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме — «Югстройсервис-Н» ЖШС. Күрделі жөндеуден кейін аурухана базасынан қосымша инсульт орталығы мен нейрожарақат бөлімшесі ашылады деп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес керекті медициналық құрал-жабдықтар мен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 2000 АДАМ КӘСІПТІК БІЛІМ АЛУДА
Шымкент қаласында кәсіптік оқыту негізінде халықтың еңбекпен қамтылуына мол мүмкіндік туып отыр. Кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды қамтиды. 2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты аясында Шымкент қаласының аумағындағы кәсіпорындардан, мекемелерден өтінімдер алынған болатын. Осыған орай еңбек нарығында ...
Читать далее »BI GOUP ШЫМКЕНТКЕ 135 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН
Өткен аптада BI Group компаниясы Шымкентте қаланың солтүстік бөлігінде 500 мың шаршы метр аумақта заманауи әкімшілік-тұрғын үй орамның құрылыс жобасын ұсынды. Бәйдібек би даңғылындағы ипподром орнында пайда болатын болашақ кешен тұжырымдамасының таныстырылымына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, компания басшысы Айдын Рахымбев қатысты. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев осы жобаны іске асырған жағдайда қаланың даму ...
Читать далее »«ТЕПЛИЧНЫЙ РАЙ» АГРО-ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласындағы «Тепличный рай» агро-индустриалды аймағындағы іске асырылатын жылыжайлардың құрылысы басталды. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов және жеке инвесторлар мен шаруақожалық иелері қатысты. Аталған агро-индустриялды аймақ Абай ауданындағы сауда-логистикалық орталық маңында орналасқан. Аумағы 136 гектарды құрайды. Жылыжайлардың құрылысы 2 кезеңді қамтиды. Атап айтқанда І–кезеңде 2020 – 2021 жылдар аралығында 30 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынады. 9,4 млрд. теңгені ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды. Маулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі. Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. Кейіннен аталған басқарманың прорабы, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЙТА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды. Демек шымкенттіктер әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады. Бұл жөнінде қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді. Айта кету ...
Читать далее »