ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЙТА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды.

Демек шымкенттіктер әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады.

Бұл жөнінде қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді.

Айта кету керек, жәрмеңкеде жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімдері сатылады. Ет, сүт, бау-бақша, көкөніс, макарон, шұжық, тұрмыстық химия, текстиль жəне өзге де өнімдер базар нарқынан тауар түрлеріне қарай 10-15 пайызға төмен ұсынылады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*