ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛҒАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, биыл «Жастар практикасы» бағдарламасымен 3042 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 1976 азаматқа жұмыс орындарына жолдама берілген. Яғни, бүгінге дейін жоспардың 65 пайызы орындалған. Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтін мамандарға техникалық, медицина және педагогика салаларында сұраныс жоғары болып отыр. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнан өзге қаланың 4 403 тұрғыны ақылы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әлжан Әлішерұлы 1971 жылы туған. Мамандығы — заңгер-оқытушы. Ол 1992 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздіксіз әскери қызметте болған. Кейіннен Астана қаласындағы «ITS Security Group» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі ...

Читать далее »

«САҚ» КИНОСТУДИЯСЫ ЖАҢА АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ ТҮСІРДІ

Шымкентте «Көне құмыраның сыры» атты анимациялық фильмнің үшінші бөлімі жарық көрді. Қала әкімдігінің тапсырысымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Сақ» киностудиясының туындысы Шымкентті қызғалдақтар мекені ретінде таныстырады. Танымдық мәні зор, тағылым алар туындының режиссері елімізге танымал аниматор Батырхан Дәуренбеков, сценариін Бақытжан Құлжабай жазып шыққан. «Қазақстан –қызғалдақтар отаны. Өскелең ұрпаққа сол жайлы көбірек айтуымыз керек. Елімізде қызғалдақтың көптеген түрі өседі. ...

Читать далее »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 5000 ОТБАСЫҒА 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛГЕН

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мәлімдеді. – «Біз біргеміз» акциясы аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала қараушыларға, Тыл ардагерлері, ҰОС ардагеріне теңестірілгендер және ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлерге аудан бойынша 5000 отбасыға 50000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Ал екінші рет қаржылай көмек І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ...

Читать далее »

7 АЙДА БЕЙНЕКАМЕРАЛАР КӨМЕГІМЕН 26 МЫҢНАН АСА ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың жеті айында Шымкент қаласының Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 26 507 жайтты анықтаған. Олар қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастау – 502, қоғамдық орында мас халде жүргендер — 640, қоғамдық орында қайыршылық жасау – 706, жол ережесін бұзғандар ...

Читать далее »

ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақты абаттандыру, күтіп-ұстау және гендік қорын көбейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде саябақтың басты қақпа алдындағы алаңның плиткаларын жаңарту, суғару жүйесінің құбырларын жөндеу жұмыстары қолға алынды. Тозығы жеткен 800 метр құбырларды кесу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында 81 түрлі жаңа ағаш көшеттері отырғызылды. Жаңа 42 ағаш түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5341 дана ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғынүй аулаларындағы спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр. Атап айтқанда, Нұрсәт, Тұран шағынаудандары, Достық пен Қайнарбұлақ тұрғын алаптары және Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан 10 ашық спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын «АлемСтрой-1» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спорт алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің тыныс-тіршілігімен танысты. Жастар ресурстық орталығының басшысы Жұлдыз Балтабаева орталықтың атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады. Шыңғыс Жұмабекұлы орталықтың жай-күйімен танысып, жастар саясатын одан әрі жандандыру мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу, жаңа идеяларды жүзеге асыру, перспективалық бизнес-жобаларды жүйелі жүргізуді ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ВИРУС ЖҰҚТЫРУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕУДЕ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде провизорлы стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос тұр. Яғни, инфекциялық ауруханаларда жүктеме азайды. Ширатып айтсақ, қалада вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары, оның ішінде шектеу шаралары оң нәтижесін беруде. Сол себепті Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелмеді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынындығын, қауіптің әлі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ШИЕЛЕНІСКЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов және Шымкент қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжановтың қатысуымен аталған басқарманың 7 айда атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өтті. – «Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек құқықтарын бұзғандығы бойынша түскен арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу алгоритмі» Шымкент қаласы әкімімен бекітіліп, жұмыс жүргізілуде. Яғни, бүгінде ...

Читать далее »