ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақты абаттандыру, күтіп-ұстау және гендік қорын көбейту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде саябақтың басты қақпа алдындағы алаңның плиткаларын жаңарту, суғару жүйесінің құбырларын жөндеу жұмыстары қолға алынды. Тозығы жеткен 800 метр құбырларды кесу жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ, саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында 81 түрлі жаңа ағаш көшеттері отырғызылды. Жаңа 42 ағаш түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5341 дана ағаш бұта отырғызылды.

Атап айтқанда, терек, бозарша, үйеңкі, т.б. ағаш көшеттерін таяқшадан егу, жылыжайда 3000 дана бозаршаның екпе көшеттерін өсіру жұмыстары атқарылды.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының хабарлауынша, дендрологиялық саябақта Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндердің 61 түрі бар. Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8469 түп көшет өсірілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*