ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ «AR- SHYMKENT» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласында AR-shymkent– виртуалды жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты — туризм саласын цифрландыра отырып, идеологиялық, ақпараттық-танымды дәстүрлі жарнамалық шығындарды азайту, заманауи технологияларды қолданудың кері байланыстағы рөлін насихаттау болып табылады. AR-shymkent QR-кодының көмегімен туристер өз смартфондарына Шымкенттегі тарихи ескерткіштердің тарихы, жай-күйі туралы ақпарат ала алады. Яғни AR-shymkent аудио, видео, фотоақпараттарды интерактивті нысанда және 3D нысанда көруге мүмкіндік береді. Қалалық цифрландыру басқармасы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «HR-PROCESS» — ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке педагог кадрларды іріктеудің «HR-Process» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі таныстырылды. Бүгінде www.hr-process.kz сайтында педагогтар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бойынша 137 білім беру ұйымы тіркелген. Қазір 78 бос жұмыс орны бар. «HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕДІ

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде провизорлық стационардағы төсек-орындардың 88 пайызы бос. Вирус жұқтыру деңгейінің төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Дегенмен медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Мейлінше сақтық шараларын күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады. Айта кетейік, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ ШЕТКІ АУДАНДАРЫНА 145 АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкентте қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар орнатылып жатыр. Биыл Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. Оның ішінде, ТИП 22 түрі – 165 дана, ТИП 20 – 95 дана. Атап айтқанда, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Қаратау ауданында 70, Еңбекші ауданында 50 дана жаңа ...

Читать далее »

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ — БЕТПЕРДЕ ТАҒУ

Елімізде 17 тамыздан бастап санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеу шаралары жеңілдетілді. Ал шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу карантиннен шығу кезіндегі маңызды қадамның бірі болып отыр. Осыған орай 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын нысандар белгілі болды. Дегенмен шектеу шаралары жеңілдетілді деп, санитарлық нормаларға бейқам қарауға мүлде болмайды. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шараларының ең қарапайым түрі бетперде ...

Читать далее »

«БАДАМ» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» жедел алдын алу шарасы барысында «Бадам» су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды. Республика көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты — экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері және бір топ еріктілермен бірлескен рейдтік іс-шара барысында «Бадам» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ LED ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкентте 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Оларға тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған. Одан бөлек, ...

Читать далее »

ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 81 ТҮРЛІ ЖАҢА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің, яғни жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта егілді. Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндердің 61 түрі бар. Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8 469 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 2 ГИС, AR-SHYMKENT ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ АСУДА

Шымкентте қоғамдық көлік саласын жаңғырту мақсатында 2 Gis жобасы қыркүйек айында толық іске қосылады. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібеков баспасөз брифингінде осылай деді. Жобаға сәйкес, смартфон құрылғы арқылы кез келген аялдамадан қоғамдық көліктердің қай жерде келе жатқанын көре аласыз. Картада барлық қозғалыстар анық көрініп тұрады. – Қазір жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан GPS деректерді ...

Читать далее »

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ САЙ АТҚАРЫЛУДА

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Жұмыстың сапалы орындалуы басты талап. Бүгінде бірқатар көшелерде құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Солардың негізгілерін айта кетсек. – Еңбекші ауданы Төле би көшесінде «Алем Транс Жол» ЖШС тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстарында жолдың беткі қабатын жаңарту, жарамсыз ирригациялық лотоктарды алмастыру қаралған. Көшенің ұзындығы 2,6 шақырым, енді 2х7 метр. Бүгінгі таңда, жолдың ...

Читать далее »