ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ — БЕТПЕРДЕ ТАҒУ

Елімізде 17 тамыздан бастап санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеу шаралары жеңілдетілді. Ал шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу карантиннен шығу кезіндегі маңызды қадамның бірі болып отыр.

Осыған орай 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын нысандар белгілі болды. Дегенмен шектеу шаралары жеңілдетілді деп, санитарлық нормаларға бейқам қарауға мүлде болмайды. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шараларының ең қарапайым түрі бетперде тағуды естен шығармаған дұрыс.

Өз кезегінде сақтық шараларын күшейту мақсатында бетперде тақпағандарға айып салынатыны жөнінде айтылды да. Бүгінде қаладағы дәріханаларда да, сауда орындарында да бетперде бар. Бағасы да қолжетімді. Сондықтан 83 мың теңгеге айыппұл төлегенше, 85 теңгеге бетперде сатып алған пайдалы. Нəтижесінде жұқпалы вирустан өзіңізді де, өзгені де сақтайсыз.

Айта кетейік, карантиндік шаралардың арқасында дертті жұқтыру көрсеткіші екі есеге төмендеді. Инфекциялық ауруханалар мен провизорлы стационарлардағы жүктеме азайды. Ендігі мақсат — шектеулерден толыққанды құтылып, қалыпты өмір сүруге оралу. Оған өзіміз атсалысуымыз керек.

Алдымызда күз мезгілі келе жатыр. Бұл мезгілде инфекциялық жұқпалы аурулар күшіне мінеді. Сол себепті санитарлық талаптарды қатаң сақтауға мұқият болуы.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*