ҚОҒАМ

ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫМЕН 150-ГЕ ЖУЫҚ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында қаңтар-маусым айында еңбек инспекция және көші-қон басқармасына 581 азаматтан арыз-шағым келіп түскен. Басқарма мамандарының тексеру жүргізу нәтижесінде 146 заңбұзушылық анықталып, оның 96-ы жойылды. Оларға 67 нұсқама беріліп, 1,8 миллион теңгеге 22 әкімшілік айыппұл салынған. Қазіргі таңда, 6 кәсіпорында 38 жұмыскердің жалақы бойынша 3,8 млн.теңге берешегі бар екенін анықтады. Аталған мекеме жетекшілеріне ұйғарымдар шығарып, қарыздарды өтеу бойынша тиісті жұмыстар ...

Читать далее »

108 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 6 айында 21 573 отбасыға, яғни 107 967 адамға 5,7 млрд.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Нәтижесінде шартты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алған 1597 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның 1362-ы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, 172-ы қоғамдық жұмыстарға, 23-і жастар практикасына, 35 азамат кәсіби даярлау курстарына жолданды, 5 адам кәсіпкерлікке баулу шараларымен қамтылды. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚОС ӨКПЕСІ ҚАБЫНҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ЖАЗЫЛЫП КЕЛЕДІ

31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады. Қандағы оттегі мөлшері тым аз болғандықтан, 15 күн бойы өкпені желдету аппаратымен тыныс алған. Осы уақыт ішінде жансақтау бөліміндегі мамандар шаранасы бар әйелдің саулығы үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Жүкті әйелдің денсаулығы он алтыншы күні денсаулығы ...

Читать далее »

ЕМДЕУ ОРЫНДАРЫНДА ЕМ АЛУШЫЛАР 77%-ҒА АЗАЙДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді. – Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады. Мәселен, кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Қосымша айта кетсем, ...

Читать далее »

ЖОЛАУШЫЛАР ҮШІН ТАСЫМАЛДАУШЫ КОМПАНИЯЛАРҒА БЕТПЕРДЕ БЕРІЛГЕН

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. – Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің санитарлық нормаларға сай келуін бақылайтын 11 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Нәтижесінде талапқа сай жұмыс істемей жатқандар кездесуде. Яғни, кей күндері амалсыз 3 көлік жүргізушісімен келісімшартты бұзған сәттеріміз болуда. Бұл ретте тасымалдаушы компанияларға арзан бағада бетперде әпергенімізді айта кетейін. Егер ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ҚЫРЫҚҚА ЖУЫҚ «БОБРОВ» ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН ТАРТУ ЕТТІ

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қайырлы іс жасады. Ширатып айтсақ, халық қалаулылары Асар шағынауданында орналасқан жұқпалы ауруханаға 40-қа жуық «Бобров» тыныс алу аппаратын сыйға тартты. Мəслихат депутаттары бұл əрекетімен əрдайым халықпен бірге екендіктерін көрсетті. Нəтижесінде жұқпалы ауруханадағы науқастар үшін оттегі аппаратының саны артты. Əлем əбігерге түсіп, ел ішіне қиындық келген кезде мемлекет қызметшілері осындай игі істі қолға алғаны — қуантарлық жайт. ...

Читать далее »

АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ 5 КӨПІР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Бүгінде Шымкент қаласының аумағында 36 көпір бар. Оның алтауы апатты жағдайда екені анықталған. Сондықтан 5 көпірді жөндеу жұмыстарына қазынадан 926,8 млн қаржы қаралды. Нақтырақ айтсақ, ет комбинаты маңындағы, Леңгер тас жолындағы, Маятас, Тоғыс, Елтай тұрғын алаптарындағы көпірлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін бітуі тиіс. Шымкент қалалық баспасөз қызметі хабарлағандай, Базарқақпа елдімекені маңындағы бір көпір ...

Читать далее »

АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫ ТОЛЫҒЫМЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды онлайн қабылдау барысында айтылды. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны Минтаева Гуля Асар-2 шағын ауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады. «Біздің шағын ауданның тұрғындар 7 жылдан бері ауыз суды тасып ішеді. Аптасына бір рет келетін су тұрып қалады. Бұл денсаулыққа зиян келтіруде. Ең бірінші осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз» — деген Гуля Спатайқызы аумақ ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА 110 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылдың алғашқы 6 айында Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі 24,8 пайызға артып, 108,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 45,5 млрд.теңге, жеке көздерден – 35,6 млрд.теңге есебінен келіп түскен. Сондай-ақ, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенер болсақ, шаһарда 2020-2024 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 13 инвестициялық жобаның базасы жасақталған. Бұл жобалардың жалпы құны 1,3 трлн.теңгені ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 276 ОРАМДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласы Сәуле шағын ауданындағы 276 орам шаһарға Сайрам ауданынан қосылған. Бүгінде онда 700-ге жуық тұрғын тұрады. Алайда, бұл маңда биылға дейін ауыз су, жарық, жол мәселесі өзекті болып келген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов көп жылдан бері күрмеуін таппаған инфрақұрылым проблемасын жіті бақылауына алып, жауапты мекемелерге тапсырма берген болатын. Нәтиже көп күттірмеді. Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан ...

Читать далее »