Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қайырлы іс жасады. Ширатып айтсақ, халық қалаулылары Асар шағынауданында орналасқан жұқпалы ауруханаға 40-қа жуық «Бобров» тыныс алу аппаратын сыйға тартты.
Мəслихат депутаттары бұл əрекетімен əрдайым халықпен бірге екендіктерін көрсетті. Нəтижесінде жұқпалы ауруханадағы науқастар үшін оттегі аппаратының саны артты.
Əлем əбігерге түсіп, ел ішіне қиындық келген кезде мемлекет қызметшілері осындай игі істі қолға алғаны — қуантарлық жайт. Қайырлы істердің жалғасы көп болғай!