ҚОҒАМ

ҚАШЫҚТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инстаграм парақшасында мәлімдеді. – Еліміздегі, атап айтқанда, Шымкент қаласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бізге медициналық қызметкерлердің консультациясы мен көмегі қажет екені өздеріңізге белгілі. Медициналық көмек қазір халық үшін қолжетімді болуы тиіс. Алайда, қажетті медициналық көмекті біз барлық санитарлық — эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, алуға тиіспіз. Қашықтан медициналық қызмет көрсету бүгінгі күні пациенттің өзі ...

Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР КҮНІНЕ ЕКІ РЕТ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНУДА

Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары тынымсыз жүргізілуде. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімдігінің тікелей бақылауында. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһардағы қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында әр айналым сайын және таңертең және кешкі уақытта автобаза аумағында дезинфекциялау жұмысы тұрақты жүргізілуде. «Шымкент Дезинфекция» маманы Нұрлан Тасболтаевтың айтуынша, автобустарды залалсыздандыру жұмыстарына арнайы 4-5 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған. Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы мамандарының хабарлауынша, ағымдағы жылы тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін ауыстыру мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп 19 млн 500 мың теңгеге 150 дана контейнер сатып алынды, мердігер мекеме — «Статус КБО бюлдинг» ЖШС. Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев жаңадан ...

Читать далее »

ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МОНИТОРИНГ ТОПТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұлов бастаған қоғамдық мониторингтік топ аудан аумағындағы орналасқан ірі дәріханаларда болып, халық сұранысындағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі мен бағасының тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Ондағы мақсат – дәріхана сөрелерінде дәрі-дәрмек тапшылығын, бағаларының шарықтау деңгейін, сатып алынған дәрі-дәрмекке чек берілу-берілмеуін қадағалау, сондай-ақ дәрі бағаларының мемлекет бекіткен баға тұрақтылығы мен халыққа қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізу. Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 118 дәріхана ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 107 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Абай ауданы аумағында абаттандырылып жатқан аулалардың құрылыс жұмыстарын жан-жақты таныстыру бойынша арнайы БАҚ өкілдеріне арнап пресс-тур өткізілді. Сапар барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Аудан аумағындағы жалпы 258 ауланың, қазіргі таңда 107 ауласы Абай ауданы әкімі аппараты тарапынан абаттандырылуда, сонымен қатар, спорт алаңшалары орнатылуда. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде республикалық бюджет трансферті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ КҮНДЕ 50-ДЕН АСА ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ ЗАҢСЫЗ САТУ ІС-ӘРЕКЕТІ АНЫҚТАЛҒАН

Шымкент қаласының Полиция департаменті дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде 6 шілдеде оншақты заңсыз сату анықталды. Әлімқұлов көшесінде 3 қойманы тексергенде иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсеткен. Алайда мамандар бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны, ал қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғанын анықтады. Фармацевттер қоймада анықталған дәрі-дәрмекті 3 топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ (ИВЛ) ШЫҒАРЫЛАДЫ

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Айтенов Instagram парақшасында хабарлады. Қала басшысы «Kazmedpribor Holding» ЖШС директоры Рахат Байзақовпен пандемиямен күрес мәселелерін талқылады. Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлады. Өзінің алғысын білдірген Шымкент қаласының әкімі жақын арада әкімдік қолдауымен «Kazmedpribor Holding» ЖШС-і ӨЖЖ аппаратын шығаратынын жеткізді. «Біз бұл жобамен ...

Читать далее »

ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ ЕМІ — ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың телеарна арқылы отандастарымызға жасаған мәлемдемесінде 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны халқының қаралы қазасы жанына батып, мұңын жүрегімен сезінгені байқалды. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Әлемді жайлаған пандемия мен пневмонияның еліміздегі жайлаған өрісі көптеген азаматтарды келместің кемесіне аттандыруда. Олардың арасында науқастың дертімен күресте алдынғы қатарда жүрген дәрігерлер ...

Читать далее »

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ ТАМЫЗ АЙЫНДА АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жол жөндеу жұмысы қарқынды жүруде. Сондай-ақ, құрылысшылар нысанды мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр. Қаладағы автомобиль жолдарының құрылысымен танысқан БАҚ өкілдері бірнеше нысандағы жөндеу жұмысының барысын көрді. Әуелі «Ақжайық» шағынаудынындағы Сырым батыр көшесінде болып, бүгінге дейін атқарылған тірліктің куәсі болды. Аталған көшеде орташа дәрежедегі жөндеу жұмысы жүруде. Жөндеу жұмысының жалпы ұзындығы — 4,8 шақырым. Қазіргі ...

Читать далее »

13 ШІЛДЕ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНАДЫ

13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланады. Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты бір талабы жоқ. Шешім оқиға кезінде қабылдануы мүмкін. Әдетте кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда, өзге де қайғылы ...

Читать далее »