ШЫМКЕНТТЕ ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы мамандарының хабарлауынша,
ағымдағы жылы тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін ауыстыру мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп 19 млн 500 мың теңгеге 150 дана контейнер сатып алынды, мердігер мекеме — «Статус КБО бюлдинг» ЖШС.

Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев жаңадан алынған 150 дана контейнердің сапасын тексеріп, қабылдау бойынша тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Қазіргі таңда тозығы жеткен контейнерлерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Спецавтотранспорт» ЖШС-і айналысады.

Айта кетсек, мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*