ҚОҒАМ

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗУДЕ

Еңбекші ауданында төтенше жағдайға байланысты көпқабатты 321 тұрғын үйдің 301-іне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Көпқабатты үйлердегі 715 дәліз бен 55 көше толық дезинфекцияланды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Көмекке мұқтаж азаматтарға карантин кезінде жан-жақты қолдау көрсетіліп, атаулы әлеуметтік көмек алатын 2358 отбасының 1528-іне «Magnum» сауда жүйесі арқылы әлеуметтік азық-түлік пакет беріліп, 2472 отбасыға 11360 дана тегін бетперде таратылды. Н.Төреқұлов көшесінде вирус анықталған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА 600 МЫҢНАН АСТАМ БЕТПЕРДЕ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда. Күні кеше «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері гуманитарлық көмекпен Қайнарбұлақ, Бозарық, Азат шағынауданында болды. Бүгін қайырымдылық шара Игілік, Көкбұлақ, Алтынтөбе, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар елдімекендерінде жалғасып, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және еріктілер тұрғындарға тегін медициналық бетперделерді ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАРҒА 6 МЫҢ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ҮЛЕСТІРІЛДІ

Қаратау ауданында төтенше жағдайға байланысты арнайы әскери мамандардың көмегімен халық көп шоғырланатын аумақтарға тұрақты түрде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, әр төрт күнде бір рет барлық шағынаудандар мен тұрғын алаптарда залалсыздандыру жұмыстары жүруде. Көпқабатты тұрғын үйлердің дәліздері, жеделсатылары және тұрғын үйлердің аумақтары химиялық өңдеуден өтуде. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын көмекке аса мұқтаж 6101 азаматтың есеп-шотына 50 ...

Читать далее »

«SHYMKENT CITY» ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІ МАУСЫМ АЙЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Биыл тамыз айында «Shymkent City» қалашығында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қалашықта 4,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы аяқталмақ. Таяуда Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов жаңа қалашықтағы салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап көрген болатын. Шаһар басшысы өз сөзінде қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге ...

Читать далее »

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ҚАЗЫБЕК ҚҰТТЫБАЕВ

16 наурызда ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, бірқатар құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Осыған орай, соңғы бір айдан бері тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау жолында еңбектеніп жүрген шымкенттік батырлар туралы баяндауды жөн санап отырмыз. Бүгін Шымкент қалалық полиция департаменті патрульдік полиция полкі 8-ротасының аға инспекторы Қазыбек Құттыбаев туралы баяндасақ. 28 жастағы азамат 2015 жылдан ішкі істер органдары жүйесінде еңбек ...

Читать далее »

«42 500 ТЕҢГЕ» ТӨЛЕМІН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және қызметтер көрсету орындарында жұмыс істейтін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға әлеуметтік төлемдер жүргізу ережесіне өзгерістер енгізілді. Өзгеріске сай, Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан адам басына айына 42 500 теңге әлеуметтік төлемді ...

Читать далее »

МҮГЕДЕКТЕР БҰРЫН БЕЛГІЛЕНГЕН ТОП БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта куәландыру мерзімі 2020 жылғы 15 ақпаннан кейін келген барлық азаматтарға мүгедектік мерзімін төтенше жағдай кезеңіне автоматты түрде ұзартты. Бұл ретте жәрдемақыларды төлеу төтенше жағдай режимінің барлық кезеңі ішінде бұрын белгіленген мүгедектік тобы және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің және ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ БАЗАРЛАРҒА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ӨТКЕЛДЕР ОРНАТЫЛУДА

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымкентте дезинфекциялық өткелдер орнатыла бастады. Мұндай қондырғы Қазыбек (Дулати көшесі бойындағы) азық-түлік базарының кіреберісіне орнатылды. Жақын күндері дезинфекциялық өткелдер «Акбар», «Жабық базар» секілді ірі сауда орындарына да қойылатын болады. Осы ретте қала әкімдігі барлық кәсіпкерлерді сатып алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз нысандарында осындай залалсыздандыру қондырғыларын орнатуға шақырады. Бұл тұрғындар арасында қауіпті індеттің таралуының ...

Читать далее »

НЕСИЕНІ ШЕГЕРУ ТУРАЛЫ ЕҢ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қалалық филиалының бөлім басшысы Нұрлан Сұлтанов кредитті шегеру туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. ӨТІНІМДІ ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ? — Өтінімдер 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап ЖССБ24 Интернет-банкингінде растайтын құжаттарсыз, шегерім алу себебін көрсеткен жағдайда қабылданады. Өтініммен банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. НЕСИЕ ТӨЛЕМДЕРІН ШЕГЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІМ ҚАНША КҮН БОЙЫ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ? — Шегеру ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 1414 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА 90 МЫҢНАН АСТАМ ҚОҢЫРАУЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының 144 тәжірибелі және дайындықтан өткен маманы тұрғындарға кеңес беруде. Бір апта ішінде 1414 біріңғай байланыс орталығы шымкенттіктердің 90 мыңнан астам қоңырауын қабылдаған. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын 25 наурыздан бері уақытша тоқтатқан болатын. Бұл өз кезегінде бірыңғай байланыс орталығы операторларының жұмыс жүктемесін арттырды. Азаматтарға арналған үкімет 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін ХҚО ...

Читать далее »