ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗУДЕ

Еңбекші ауданында төтенше жағдайға байланысты көпқабатты 321 тұрғын үйдің 301-іне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Көпқабатты үйлердегі 715 дәліз бен 55 көше толық дезинфекцияланды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Көмекке мұқтаж азаматтарға карантин кезінде жан-жақты қолдау көрсетіліп, атаулы әлеуметтік көмек алатын 2358 отбасының 1528-іне «Magnum» сауда жүйесі арқылы әлеуметтік азық-түлік пакет беріліп, 2472 отбасыға 11360 дана тегін бетперде таратылды.

Н.Төреқұлов көшесінде вирус анықталған көпқабатты үйде дезинфекция жүргізіліп, оқшауланды. Ондағы тұрғындарға қажетті заттар уақтылы жеткізілуде.

Бүгінде әскери жиынға шақырылған сарбаздар өзге де қызметтермен бірге аудан аумағында заласыздандыру жұмыстарын жоспарға сай жүргізуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*