Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КӨТЕРМЕ БАЗАРЛАРДЫ АРАЛАДЫ

Бағаны негізсіз көтеріп, тазалықты сақтамаған базарлар жабылады. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтенов көтерме базарларды аралау барысында мәлімдеді. Қала басшсы алдымен «Жібек жолы» базарында болып, ондағы саудагерлермен жүздесті. Сатып алушылардан баға жөнінде сұрады. Көтерме сауда базарында соңғы күндері азық-түлік бағасының 30-40 теңгеге төмендегені байқалады. Оны сатушы мен сатып алушы да растап отыр. Атап айтар болсақ, картоп 60 теңгеден бастап 130 ...

Читать далее »

М. Әйтенов: Блок бекеттердегі «Жасыл дәліз» тәулік бойы жұмыс істейді

Бекеттерден тіршілікті қамтамасыз ететтін көліктер мен транзиттік машиналар еш кедергісіз өтуі керек. Бұл туралы Шымкенттегі бірқатар бекеттерді аралап шыққан Қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. Жалпы халықаралық маңызға ие «Ташкент-Алматы-Термез» тас жолындағы «Ақжар» «Шымкент-Самара» бағытындағы яғни қаладан Түркістанға шығатын «Бадам» бекеті мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосылатын «Бозарық» бекеттерін аралап көрді. Мұрат Дүйсенбекұлы бірінші кезекте барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастыруды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ХАЛЫҚҚА ӘРБІР 2 САҒАТ САЙЫН ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов мәлімдеді. Коронавирус пандемиясының таралуын жол бермеу мақсатында республика аумағында төтенше жағдай жариялағаны баршаңызға белгілі. – Осыған байланысты қала тұрғындарын үйде болуды, аса қажеттілік болмаса көшеге шықпауға және барлық санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтауға шақырамыз. Үйде тұрмыстық өрттерді, улы және табиғи газбен улануды болдырмау ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ Бүгін қала әкімі М. Әйтенов штабтың мәжілісін өткізіп, онда қала аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру, мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, төлемдерге байланысты барлық құжаттарды қабылдау және түсіндіру жұмыстары электронды түрде жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге көпшілікке үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БЛОГ-ПОСТТАРДЫҢ САНЫ 17-ГЕ ЖЕТТІ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты. — Шымкент қаласында короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай қалада блог-бекеттердің саны артып, 17-ге жетіп отыр. Сондай-ақ қала аумағында бетперделік режим енгізілді. Бұдан былай барлық азаматтар қалада медициналық бетперде тағып жүруге міндетті. Бұл шектеулерді ескермеген, төтенше жағдай режимі мен санитарлық талаптарды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТӨЛЕНЕДІ

Шымкентте төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем төленеді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Өтебаева айтты. Қала әкімінің орынбасары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ...

Читать далее »

Шымкентке кіретін жолдар толық жабылады

31 наурыз сағат 21:00-ден бастап Шымкентке кіретін барлық жолдар жабылады Шымкент қаласында бүгін сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті мәлімдемесінде айтты. — Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады. Қазақстанда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КҮНІНЕ 100 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ ТІГІЛУДЕ

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды. Аталған бетперделердің артықшылығы көп рет қолдануға жарайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді. Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРАТЫН МЕМОРАНДУМДАР ТҮЗІЛГЕН

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар тауарларды (ұн, макарон, күнбағыс майы, қант) жеткізу үшін келісім-шарттар түзілді. Қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді. Брифингте белгілі болғандай, азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін, әлеуметтік кәсіпкерлік-корпарациясы 11 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Gramad Retail» ЖШС-мен келісім шарт ...

Читать далее »

Қауіпсіздік талаптарын бұзған 5 азамат қамауға алынды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 4 жұмысшы тобы құрылған. Оған тиісті құзырлы органдардың өкілдері кірген. Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты. -Аудан аумағыдағы Shymkent Plaza, Mega Planet, ЦУМ және Береке атты 4 ірі сауда орталықтары жабылған. Ал, Акбар және орталық қырғы базарлардың жұмыс істеу уақыты шектелсе, Дархан базары ...

Читать далее »