М. Әйтенов: Блок бекеттердегі «Жасыл дәліз» тәулік бойы жұмыс істейді

Бекеттерден тіршілікті қамтамасыз ететтін көліктер мен транзиттік машиналар еш кедергісіз өтуі керек. Бұл туралы Шымкенттегі бірқатар бекеттерді аралап шыққан Қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Жалпы халықаралық маңызға ие «Ташкент-Алматы-Термез» тас жолындағы «Ақжар» «Шымкент-Самара» бағытындағы яғни қаладан Түркістанға шығатын «Бадам» бекеті мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосылатын «Бозарық» бекеттерін аралап көрді.


Мұрат Дүйсенбекұлы бірінші кезекте барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастыруды тапсырды. Ол жерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер азық-түлкі тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері басқа да арнайы техникалар кедергісіз өтеді.

Көлік жүргізушілері мен оның салонындағы жолаушы міндетті түрде тіркеуге алынып, медицицналық құрылғымен тексеріліп өткізіледі. Блок бекеттерде медициналық қызметкерлер мен құзырлы орган өкілдері әкімшілік қызметкерлері ауысыммен тәулік бойы қызмет атқарып жатыр.

Мұрат Әйтенов блок бекеттерде тұрған жолаушыларға шектеу кезіндегі талаптарды сақтап үйлеріне қайтуға кеңес берді. Өйткені қала аумағы үлкен, миллонды халқы бар. Оған қоса шектеу қойылған күннің өзінде қала арқылы арлы-бері 200 мыңға жуық халық қатынайды екен. Шымкент тоғыз жолдың торабында жатыр. Сондықтан қала әкімі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуге шақырды. Қазір қалада 18 блок бекеттері тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*