Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТ: САЙРАМДАҒЫ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА МЕКЕНЖАЙҒА КӨШЕДІ

Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабында орналасқан №6 Халыққа қызмет көрсету орталығы 66 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетіп келеді. Қала әкімі Қаратау ауданын аралау барысында аталған халыққа қызмет көрсету орталығына ат басын бұрды. Қызмет көрсету орталығы бүгінде «Шымкент қалалық Өзбек драма театрының» ғимаратын жалға алып отыр. Шаһар басшысымен кездесуге арнайы келген жеке кәсіпкер Ибрагим ата көшесінде орналасқан жеке меншігіндегі әкімшілік ғимаратты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ 2200 ЖЫЛДЫҒЫНА 2200 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Шымкент қаласында А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Болашаққа тыныс» акциясы шеңберінде шынар ағашының көшеттері отырғызылады. Түркияның «Ұлттық ағаш отырғызу күніне» орай ұйымдастырылған акцияға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Риза Акынжы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Қазақстандағы өкілі Ислам Исмаил арнайы қатысты. Али Риза Акынжы осы іс-шараның Шымкент қаласында ұйымдастырылғанына алғысын білдіріп, екі ел арасындағы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ҮШ ОҚУШЫ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТА І ОРЫНДЫ ИЕМДЕНДІ

«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурсқа Шымкент қаласы атынан төрт оқушы қатысқан болатын. Білім сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімін іске асыру аясында ұйымдастырылған. Конкурстың республикалық кезеңі осы жылы 3-5 қараша аралығында онлайн форматта www.daryn.kz, www.exam.net және ZOOM платформалары арқылы өткізілді. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Пайзахматов Илхом, Мұратбек Медет, Мықтыбек Бексұлтан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ

9 қарашадан бастап, қоғамдық көлікте жолақысы карта бойынша – 70 теңге, қолма-қол төлеу 100 теңге болғанын хабарлаймыз. Карталарды қаладағы ірі дүкендер мен автобустардан, ХҚКО және жұмыспен қамту орталықтарынан ала аласыздар. Егер, картаңыз бола тұра, автобустарда картамен төлем қабылдайтын аппараттарда техникалық ақау болса, Сіз 70 теңге төлей аласыз. Сондай-ақ, оқушылар мен студенттер және тегін жүретін санаттағы жолаушылар бұрынғысынша студенттік картаны немесе ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ROYAL GROUP» ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Royal Group LLC» дистрибьюторлық компаниясының техникалық директоры Хан Умармен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимыл жасау, Шымкент қаласына инвестиция тарту жайы сөз болды. Мұрат Әйтенов алпауыт компанияның қаланың туристік жобаларына қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіре отыра, оның мүмкіндіктері турасында толығырақ тоқталды. — Шымкент қаласы «Ескі қаланың тарихи-мәдени объектілері кешені» ТОП-50 туристік дестинациялардың тізіміне енгізілген. Яғни ...

Читать далее »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XL КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Конференцияда «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламада Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел экономикасын дамыту және пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс – тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары мен қаланың даму бағдарламасы негізінде жасалынып отыр. Сонымен қатар, праймеризде тұрғындардан келіп түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы орындалып, ал, 15 ұсыныс сайлауалды бағдарламаға қосымша ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 95 пайызға ұлғаятын болады. Өйткені, қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы электрмен қамту мақсатында 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі — «Бозарық» қосалқы станциясы. Қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамту үшін қуаттылығы 160 МВт 220/110/10 КВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы 2016 жылы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ҰЛТ ҮНІ» КЕРУЕНІ ШАРАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында «Ұлт үні» керуені шарасының іріктеу кезеңі өтті. «Ұлт үні» керуенінің мақсаты – татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, қазақ халқының өнерін танытуда этнос жастарына қолдау көрсету болып табылады. Жоба 2 кезеңнен тұрды: түрлі этнос өкілдері арасынан байқауға қатысушы ...

Читать далее »

АЛҒАШ РЕТ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН СПАРТАКИАДА ӨТТІ

2020 жылдың 3-6 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан ІІІ желілік спартакиада өткізілді. Биыл барлық Зияткерлік мектептерден спартакиадада 88 оқушы бақ сынады. Ежелгі ойынның жанкүйерлері алғаш рет өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасы арқылы кездесті. Бұл жылғы спартакиаданың ерекшелігі де осы. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жиі өткізіліп тұрады. Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, ...

Читать далее »

ТУРИЗМ МЕНЕДЖЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкентте туризм саласының мамандарына, гид – экскурсоводтарға және қаланың БАҚ-өкілдеріне арналған арнайы туристік тренинг — экскурсия ұйымдастырылды. Экскурцияға қатысқан т.ғ.д ҚР ҰҒА Академигі, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры, археолог және тарихшы Бауыржан Байтанаев арнайы шақырылған болатын. Туризм менеджерлері әуелі «Ескі қалашық» аумағындағы Цитадельде болып, тарихи-мәдени орыннан табылған археологиялық жәдігерлер туралы мәліметтерге қанықты. Одан кейін экскурсоводтар Қарашаш ана, Ибрагим ...

Читать далее »