Мегаполис жаңалықтары

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 13 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін ашуға жағдай жасау басты жолға қойылған. Бұл бағытта Әл-Фараби ауданында 10 ай көлемінде 4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді. — Жыл басынан жалпы 24 ірі кәсіпкерлік нысанның құрылысы басталды. Оның ішінде 13 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 11 кәсіпкерлік нысандардың құрылыс ...

Читать далее »

«ӨТЕМІС» КАНАЛЫНДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында Өтеміс елдімекенінде орналасқан «Өтеміс» каналынының су өткізу қабілеттілігін, сыйымдылығын артыру үшін 10 шақырымға бетондалған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жыл соңына дейін аяқталады. Каналдағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысу үшін Шымкент қаласының ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков пен Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов Шапырашты және Өтеміс елдімекеніне барып, ондағы тұрғындармен кездесті. Кездесу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ECOSANA СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 6-шы қорытынды кезеңі өтті. Тазалық шарасы Еңбекші ауданы, Маятас шағынауданы, «Бадам» су қоймасы аумағында ұйымдастырылды. Сенбілік барысында сөз алған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аталған акция жастардың экологиялық білімін ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ – ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ 21-22 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ

Биыл Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы жылы аталып өтілді. Пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимде өтті. 21-22 қарашада эстафета Душанбеге беріледі екен. Бұл жөнінде қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады. — Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы жылының жабылу салтанатын қалай өткіземіз деп көп ойландық. Бір жағынан эпидталаптар бар, екінші жағынан мәдени іс-шаралар тұр. Онлайн өтсе, қызығы аздау болады, офлайн ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰҒАЛІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА 30 ҰСТАЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Шымкент қаласында мұғалімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті. Осы жылы 28 қазан мен 4 қараша аралығында өткен білім бәйгесіне 1185 ұстаз бақ сынасып, білім саласындағы күрделі тапсырмаларды орындады. Олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, өзбек тілі мен әдебиеті, өзге тілде білім алатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті, информатика және жаратылыстану пәндерінің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 92 АДАМ ГАЗДАН УЛАНҒАН

Шымкент қаласында газдан улану жағдайы күннен-күнге артып отыр. Қазіргі таңда көмір қышқыл газынан уланудың 92 оқиғасы тіркелген. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. — Таңертең улану бойынша қоңырау түсті. Өкінішке орай, газдан уланып 1 жасөспірім қаза болды. 2 адам ауыр жағдайда. Тұрғындардан үй жағдайында барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз, — деді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды. «Комфорт building» құрылыс компаниясының қазіргі уақытта сараптамадан өтіп жатқан жобалық-сметалық құжаты жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар, сараптаманың оң қорытындысынан басқа құрылыс салушы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының рұқсат алуы, осы мемлекеттік органға жұмыстардың басталғаны туралы хабарлауы, авторлық және техникалық қадағалау туралы шарт жасасуы қажет ...

Читать далее »

«ДОСТАСТЫҚТЫҢ ОПЕРА ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылдың 15-31 қазан аралығында «Достастықтың опера жұлдыздары» онлайн-фестивалі өтті. Фестивальге Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және елімізден жалпы 11 опера орындаушысы қатысты. Фестиваль классикалық музыканың биік шыңы саналатын опера өнерін әлеуметтік желі тыңдаушылары арасында насихаттау, ТМД елдері арасында мәдени ынтымақтастық ауқымын кеңейту және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК ҚҰРУ МАҚСАТЫНДА 8 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласында биыл мамыр айында «SHYMKENT» ӘКК» АҚ базасында урбанистика департаменті құрылған болатын. Қазіргі уақытта урбанистика департаменті қаланың жан-жақты талдауы мен зерттеулерін жүргізуде даму мен өзгерісті талап ететін әлеуметтік маңызы бар учаскелерді анықтады. Бұл бағытта 8 жобаны қолға алып отыр. Атап айтқанда, 12 шағын аудандағы саябақты қалыпқа келтіру, Т.Рысқұлов көшесінде, «Север» СО ауданында (Ж. Шаяхметов көшесінен Жолан батыр көшесіне дейін) ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 38 КӘСІПКЕРГЕ ЖЕР ТЕЛІМІН БЕРУ ЖӨНІНДЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Шымкент қаласындағы қолға алынған тағы бір ауқымды жобалардың бірі – «1000 сауда нүктесі» жобасы. Жоба биылғы жылдың мамыр айында жүзеге асырыла бастады. Жобаға сәйкес қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі. Қазіргі таңда 38 кәсіпкерге жер телімдерін беру жөнінде комиссия шешімі шықты. Жалпы «1000 сауда нүктесі» жобасының ауқымын индустриялды жобамен ...

Читать далее »