ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды.

«Комфорт building» құрылыс компаниясының қазіргі уақытта сараптамадан өтіп жатқан жобалық-сметалық құжаты жоқ екені белгілі болды.
Сонымен қатар, сараптаманың оң қорытындысынан басқа құрылыс салушы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының рұқсат алуы, осы мемлекеттік органға жұмыстардың басталғаны туралы хабарлауы, авторлық және техникалық қадағалау туралы шарт жасасуы қажет еді.

Осыдан кейін ғана құрылысты бастауға болады. Ал бұл құрылыс компаниясында жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы жасалмаған болып шықты.
Сондықтан заңсыз құрылысты тоқтатып, құрылыс салушыға 2 млн теңге айыппұл салынды.

Бұл жер телімі құрылысты салушыға айырбастау арқылы өткен. Құрылыс нормалары бойынша аталған жер теліміне биік қабатты нысан салуға сәйкес келмейді. Себебі көп қабатты үйлерге қажетті арақашықтық кемінде 50 метр болуы керек.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов құрылыс алаңына барып, тұрғындардың уәжін тыңдады. Нәтижесінде ҚР Заңнамасына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Мұнда тұрғындардың өтініші бойынша гүлзары немесе әмбебап спорт алаңы салынады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*