Мегаполис жаңалықтары

АҚПАРАТТЫҚ КИОСКІЛЕР 1200-ДЕН АСА ТУРИСТКЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Шымкент – туристер үшін тартымды қала. Қалада туристер үшін бірнеше ақпараттық киоскілер орнатылып, жұмысын бастаған еді. Мамыр айында Арбат, Абай саябағы, Жайлаукөл, Тәуелсіздік және Орталық саябақтарда, сонымен қатар Теміржол вокзалы мен әуежайларда арнайы кеңес беру орталықтар ашылған болатын. Бүгінде 7 киоскіде үш тілді меңгерген, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Қалаға келген туристер саябақ маңындағы киоскілерден қаланың туристік картасымен танысып, қандай ерекше, ...

Читать далее »

КӘСІПКЕР 10 ДАНА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Қоғамда қолы ашық, жомарт азаматтар аз емес. Бүгінгі індет кезінде кәсіпкерлер де жұмыла, демеушілікке үлесін қосуда. Пандемияны бірлігімізбен, жақынымызға жанашыр болумен жеңеміз. Шымкентте кәсіпкер азамат осындай жақсы іске ұйытқы болды. «Тұлпар» автобөлшек базарының директоры Нұрлан Қоңыратбаев Шымкент қалалық № 1 ауруханасына 10 дана өкпені жасанды желдету аппаратын өз қаржысы есебінен сыйға тартты. Бұл қайырымдылық іс-шарасын Абай ауданы әкімі аппараты ұйымдастырғанын ...

Читать далее »

8 АЙДА 100 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ

Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен. Бұл өсімге мал шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыру арқылы қол жеткізілді. Атап айтқанда, 8 ай ішінде 100,4 миллион дана жұмыртқа алынды. Оның ішінде 23 миллион данасын «Тассай құс» және «Шымкент құс» ЖШС-тері өндірген. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішев мәлімдеді. – Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) жыл сайынғы еркін таңдау бойынша тіркеу кампаниясы басталуда. Оған тұрғындар екі ай ішінде (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін) тіркеле алады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылуда. Яғни, емхана ...

Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР СЕНБІ КҮНІ ДЕ ЖҮРЕТІН БОЛДЫ

Шымкент қаласының аумағында 14 қыркүйектен бастап 28 қыркүйекке дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, карантиндік шектеу шараларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңа Қаулыдағы негізгі өзгерістер ретін атап өтсек. СПА орталықтары, әсемдік салондар, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер жұмысы таңғы сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін ұзартылды. Ал қоғамдық көлік қозғалысына жұмыс күндерімен қоса сенбі күні ...

Читать далее »

АБАЙ-175: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ СЕМЕЙ ЖЕРІНЕ АТТАНДЫ

Қазақтың бас ақыны һакім Абайдың 175 жылдығына орай Шымкент қаласы және Түркістан облысынан мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің өкілдері, журналистер мен блогерлер бар арнайы делегация ұлы Абай еліне аттанды. Делегацияны әуежайдан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған сапар 15-17 қыркүйек аралығын қамтиды. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар спорт нысандарын аралап, ондағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қала әкімі, алдымен, жеңіл атлетикалық спорт кешеніне барды. Аталған нысан 2011 жылы пайдалануға берілген. Жалпы аумағы — 4 946,6 шаршы метр. Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ауданы 3 864,4 шаршы метр жаттығу залы, әрқайсысы 200 метрлік 4 жолақты жүгіру жолы, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін арнайы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ 28 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары әлі де өз күшінде. Бетперделік режим мен санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Дегенмен қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сауда-саттық және коммерциялық бағыттағы нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Олар қаулыға сәйкес санитарлық талапты сақтай отырып, тек жұмыс күндері қызмет ете алады. Мереке және демалыс күндері жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық көлік қозғалысы да шектеледі. Олар дүйсенбі мен сенбі аралығында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы жол құрылысы жұмыстарына қатысты ұйымдастырылған арнайы баспасөз-туры кезінде айтты. Осылайша шаһардағы кептеліс мәселесін азайтпақ. «Қазіргі таңда қала көшелеріне сараптама жүргізу нәтижесінде, жолаушылардың қолайлылығы үшін Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысына заманауи жол айрығын салу қажеттілігін байқап отырмыз. Күнделікті кептелістерден тұрғындардан шағымдар, наразылықтар байқап жатырмыз. Соны ескере отырып, қазан айынан бастап жол айрықтың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып, қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты. Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысын әкімдік пен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның қолдауымен ресейлік инвесторлар «Хевел» компаниясы жүзеге асырып жатыр. 50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны 6,2 млрд теңгені құрайды. Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдерінен тұрады екен. Жылына ...

Читать далее »