ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы жол құрылысы жұмыстарына қатысты ұйымдастырылған арнайы баспасөз-туры кезінде айтты. Осылайша шаһардағы кептеліс мәселесін азайтпақ.

«Қазіргі таңда қала көшелеріне сараптама жүргізу нәтижесінде, жолаушылардың қолайлылығы үшін Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысына заманауи жол айрығын салу қажеттілігін байқап отырмыз. Күнделікті кептелістерден тұрғындардан шағымдар, наразылықтар байқап жатырмыз. Соны ескере отырып, қазан айынан бастап жол айрықтың жұмысына кірісеміз. Жоба келесі жылы толық аяқталуы қажет», — дейді ол.

Сонымен қатар, биыл қаладағы 259 нысан 416 шақырым жол құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 160 көшеде, 203 шақырым жол жөндеу жұмысы аяқталды. Ендігі жерде 99 көше, 213 шақырым жөндеу жұмыстары қалғанын айтты.

Қыркүйектің соңына дейін бірнеше жол құрылыс жұмыстары мен жол өткелдерін ретке келтіру, аялдама мен бағдаршам орнату, көшені таңбалау жұмыстары аяқталады.

Ал, Қонаев көшесінің Түркістан көшесінен арықарайғы жалғасы да салынып, 1 кезеңі желтоқсан айында толық аяқталады.

Сондай-ақ, Мақсұт Исахов аялдамалардың орнатылу барысын, веложолақтардың салынуы мен велостанциялардың орналасуы мен пайдаланылуын, қалаға кіре беріс Шымкент-Ташкент өткеліндегі жөндеу жұмыстарының барысын таныстырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*