Мегаполис жаңалықтары

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Қабылдауға жазылған шаһардың тұрғындары өздерін мазалайтын мәселелерін ортаға салды. Қабылдауға келген Әл-Фараби ауданының тұрғыны Бану Көпбаева №8 мектеп маңында заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар мен оқушыларға қолайсыздық танытып жатқанын айтты. — Мен бұл жайтқа қанықпын. Аудан әкімімен өткен аптада аталған мекенжайға барып, мәселемен танысқан болатынмын. Қазіргі таңда жерді ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ СЕГІЗ АЙДА 54 ЕГІЗ НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН

Шымкент қаласы демографиялық көрсеткіштер жағынан республикада алыңғы қатар тұр. Қалада туылған бала саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл сегіз ай ішінде мегаполисте 21 168 сәби дүниеге келген. АХАТ бөлімінің басшысы Ақбота Қарнақбаеваның айтуынша, сегіз айда шаһарда 54 егіз нәресте дүние есігін ашқан. «Осы жылы ұлдар арасында ең көп кездесетін есімдер – Нұрислам және Нұрилан, ал, қыздарға көбіне Сафия және Раяна ...

Читать далее »

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты. Қала тұрғыны Тастанова Мақпал Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Тексеру барысында науқаста екі жақты вирустық пневмонияның бары анықталған. Дәрігерлер науқастың жағдайын байқап, бірден ем-дом шараларын жүргізген. Денсаулық жағдайы жақсарған көп балалы ананы дәрігерлер бүгін арнайы стационардан шығарып салды. «Орталықтың барша дәрігеріне алғысым ...

Читать далее »

ӘКІМНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА КЕЛГЕН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті онлайн қабылдауы өтті. Онда сегіз қала тұрғыны өз сауалдары мен өтініштерін жеткізді. Қашықтан болған кездесуде қала тұрғыны А.Затыбекова бастауыш сынып мұғалімі екенін айтып, жұмысқа тұруына көмек көрсетуін сұраса, Жайлау шағын ауданының тұрғыны Қ.Төнтекова Баққараев көшесіне асфальт төсеу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, Қаратау ауданының тұрғыны Е.Жүнісов Қайнар-бұлақ тұрғын алабын ауыз су ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 25 АЗАМАТҚА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түрлі салада еңбек етіп, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген 25 азаматқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады. Салтанатты шараны ашқан қала басшысы М.Әйтенов қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл мерекенің мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті. «Осыдан 25 жыл бұрын ...

Читать далее »

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдық мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында «Премьера» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған кешен бес қабатты екі тұрғын үйден тұрады. Онда жалпы 80 пәтер бар. Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа қоныс берекесі мен ырысы мол үлкен ордаға айналуын тілеп, қала тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады. «Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқын алып ...

Читать далее »

БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТУДЕ

Шымкентте «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі басталды. Жылда жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын тамыз кеңесі биыл онлайн форматта өтуде. Онлайн жүйеде (facebook, instagram әлеуметтік желілерде) өтіп жатқан тамыз кеңесінде қала әкімі Мұрат Әйтенов білім саласы қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құтықтап, сөз сөйлейді. Іс-шарада білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, сондай-ақ, «Педагог кадрларын даярлау ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕНСИВТІ БАУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласының бағбандары бүгінде озық технология бойынша егілген қарқынды баудың өнімділігі дәстүрлі тәсілмен егілген бауға қарағанда 1,5 — 2 есеге артқанына көз жеткізіп отыр. Себебі, Шымкент қаласында соңғы екі жылда 135 гектарға қарқынды алма бағы отырғызылған. Ал, биыл «Д-Сабыр» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа интинсивті бау екті. Бозарық тұрғын алабында орналасқан шаруашылыққа 100 млн теңге инвестиция құйылған. Мұнда алманың «Айдаред», ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Өзбекстан Республикасының Алматыдағы бас консулы Аброр Фатхуллаевпен кездесті. Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мен халықаралық туризмді дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, COVID-19 пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылық пен еңбек миграциясы жайында сөз қозғады. Бас консул өз сөзінде еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналғанын айтып, пандемияға байланысты жұмысшы күшін қабылдайтын оңтайлы ...

Читать далее »

«SHYMKENT» ӘКК» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ 5000 КӘСІПКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Бауыржан Канкин мәлімдеді. – Инвесторларға жер телімін ұсынуды жеңілдету мақсатында «Shymkent» ӘКК тарапынан жаңа механизм әзірленді. Аталған механизм негізінде 223,9 млрд теңгелік 30 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша келісімге қол жеткіздік. Бұл жобалар білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы (девелопмент) және қызмет көрсету салаларында. ...

Читать далее »