Шымкентте «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі басталды. Жылда жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын тамыз кеңесі биыл онлайн форматта өтуде.
Онлайн жүйеде (facebook, instagram әлеуметтік желілерде) өтіп жатқан тамыз кеңесінде қала әкімі Мұрат Әйтенов білім саласы қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құтықтап, сөз сөйлейді.
Іс-шарада білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, сондай-ақ, «Педагог кадрларын даярлау ісі, кадр тапшылығын болдырмау жұмысы» тақырыбында М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова, «Техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне World Skills стандарттарын енгізу» тақырыбында Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің директоры Гүлмира Тағаева, тағы басқа білім саласының қызметкерлері баяндама жасады.