Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ИППОДРОМ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласы Бозарық тұрғын алабында заманауи стандартқа сай жаңа ипподром кешені бой көтереді. Қаланың бас жоспарына сәйкес Бәйдібек би даңғылында орналасқан қазіргі ипподром жаңа орынға көшіріледі. Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Жаңа ипподром құрылысына 24 гектар жер телімі бөлінді. Жобаға сәйкес жаңа нысанда — жылы жабыны бар жасанды жүгіру жолы, жаттығу алаңы, ат спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ LED ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкентте 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Оларға тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған. Одан бөлек, ...

Читать далее »

ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 81 ТҮРЛІ ЖАҢА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің, яғни жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта егілді. Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндердің 61 түрі бар. Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8 469 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 2 ГИС, AR-SHYMKENT ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ АСУДА

Шымкентте қоғамдық көлік саласын жаңғырту мақсатында 2 Gis жобасы қыркүйек айында толық іске қосылады. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібеков баспасөз брифингінде осылай деді. Жобаға сәйкес, смартфон құрылғы арқылы кез келген аялдамадан қоғамдық көліктердің қай жерде келе жатқанын көре аласыз. Картада барлық қозғалыстар анық көрініп тұрады. – Қазір жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан GPS деректерді ...

Читать далее »

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ САЙ АТҚАРЫЛУДА

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Жұмыстың сапалы орындалуы басты талап. Бүгінде бірқатар көшелерде құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Солардың негізгілерін айта кетсек. – Еңбекші ауданы Төле би көшесінде «Алем Транс Жол» ЖШС тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстарында жолдың беткі қабатын жаңарту, жарамсыз ирригациялық лотоктарды алмастыру қаралған. Көшенің ұзындығы 2,6 шақырым, енді 2х7 метр. Бүгінгі таңда, жолдың ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЗАН АЙЫНДА БІТЕДІ

Шымкент қаласында ішкі орамдағы жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталып жатыр. Бүгінде Самал-3 шағынауданындағы ұзындығы 1,5 шақырым, ені 5 метр болатын Абдраманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, төмендегідей көшелерде жұмыстар әлі де жалғасуда: — Еңбекші ауданы Төле би көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС мердігері жүргізіп жатыр. Мұнда жолдың беткі қабатын жаңарту, жарамсыз ирригациялық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫ ТОЛЫҚ ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

Шымкентте цифрландыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібеков баспасөз брифингінде атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Досан Биназарұлының айтуынша, биыл білім саласы қызметі жаңа оқу жылына орай толық цифрлы жүйеге көшті. Балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде. – Білім саласы – ең маңызды ...

Читать далее »

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы және жоспарлары бойынша кездесу өтті. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде бағдарламаны іске асырудың басты мәселелері, бірінші жартыжылдықта жүргізілген жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына қойылған міндеттер мен нақты қызмет бағыттары талқыланды. Мысалға, Болат ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН

Шымкент қаласында жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша 236 жоба нақтыланған. Олардың жүзеге асырылуына 45,3 млрд теңге бөлінген. 8 380 жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, соның бүгінде 7 394 орны ашылған. Яғни жоспар 87,7 пайызға орындалған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 190 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылады. Бүгінгі ...

Читать далее »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯІШІЛІК ІРІКТЕУІН БАСТАДЫ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Елімізде Nur Otan партиясының партияішілік іріктеу бәсекесі басталды. Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында праймериз алғаш рет өткізілуде. Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, ...

Читать далее »