«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы және жоспарлары бойынша кездесу өтті.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде бағдарламаны іске асырудың басты мәселелері, бірінші жартыжылдықта жүргізілген жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына қойылған міндеттер мен нақты қызмет бағыттары талқыланды.

Мысалға, Болат Анапияұлы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығындағы жұмысты ұйымдастыру барысында Бағдарлама аясындағы әрбір арнайы жобаның іс-шараларының қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай дайындалып, шаралардың пайдалы әрі қызықты болуын талап етті.

Кездесу барысында вице-министр бағдарлама аясында ағымдағы жылы бастамашылық етілген жаңа арнайы жобаларды сапалы және тиімді іске асыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланды. Жоспар жаңа талаптарды ескере отырып әзірленеді және сараптамалық қоғамдастықтың қарауына ұсынылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*