Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен емханалары жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған болатын. Азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, Мұрат Дүйсенбекұлы мобильді бригадалар санын әліде арттыру қажеттігін айтты. Сол себепті, олардың саны бүгінде 197-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді. «Шымкент ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

Шымкент қаласы Қаратау ауданында биыл 39 көпқабатты үйдің қасбеті ретке келтірілуде. Бұл жұмыстарға сол үйлердің тұрғындарынан қаржы жұмсалмайды, бюджеттен де қаражат қаралмаған. Үйлердің қасбетін әрлеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, Асар шағын ауданында 2017 жылы пайдалануға берілген 30 көпқабатты үйде сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 12 бригада жұмыс істесе, ...

Читать далее »

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

Шымкентте Абай Құнанбаев атындағы гимназия мектебі ашылмақ. Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, жаңа оқу жылында Шымкент қаласында «Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» есігін айқара ашпақ. Бұл туралы 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындығымен бөліскен Шымкент қаласының Білім басқармасы хабарлады. Сондай ақ, биыл қаламызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» және кластері болып ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР САНЫ БЕСЕУГЕ АЗАЙДЫ

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. Нәтижесінде, үшінші мегеполис атанған Шым шахарымызда апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, жалпы 2020 жылы қалада ...

Читать далее »

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов демалыс күні төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында, Бадам өзен арнасын бұру және бұзылған жолды қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыстардың барысымен танысу кезінде айтты. Әкім Абай ауданына қарасты Жаңаталап ауылы тұрғындарының заңсыз құм қазу кесірінен Бадам жағасын су шайып кету қаупі бар деген шағымдарын назарға алып, заңсыз жер қойнауын падаланушылардың мәселесін ...

Читать далее »

БИЫЛ ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚҰРБАН ШАЛЫНАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қатысуымен баспасөз брифинг болып өтті. Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Құрбан шалу жағдайы бар әр мұсылманға уәжіп амал. — Елдегі енгізілген карантин жағдайына байланысты Құрбан айт намазы оқылмайды, қасапханаларда мал сойылмайды. Бірақ, құрбан шалуға ниетті азаматтар қашықтан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Шымкентте қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, жалпықалалық ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға барлығы 94 арнайы техника жұмылдырылып, 170 («Шымкент жасыл қала» -50, Әскери қызметшілер — 40, сервистік мекемелер — 80) су бүріккіш жабдық, 5 тонна хлор ерітіндісі, 600 литр сірке қышқылы әзірленіп, пайдаланылуда. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 27 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде, Абай ауданы — ...

Читать далее »

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 108 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛУДЕ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлім етті. — Биыл аудан аумағындағы “Азат”, “Ақжайық”, “Асар-2”, “Бозарық” шағынаудандары, “Бозарық” саяжайы мен “Орманшы”, “Мәртөбе”, “Қайнарбұлақ”, “Достық” тұрғын алаптарындағы 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, “Тұран” шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге баратын №1, №2 және №7 көшелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. “Сайрам” тұрғын алабындағы облыстық ...

Читать далее »

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-мойоры Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен карантин кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті. Департамент басшысының мәлімдеуінше, қала аумағында карантиндік талаптардың сақталуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар жұмыс істеуде. Әрбір топтың құрамына учаскелік полиция инспекторы, аудан әкімдіктерінің, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қалалық прокуратураның өкілдері бар. ...

Читать далее »

ЦИТАДЕЛЬГЕ ТЕСТ-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының туризм басқармасының бастамасымен қамалды қалпына келтіру бойынша жобалық тобының қызметкерлерімен бірлесе «Ескі қалашыққа» гид-эксркурсоводтарға арналған тест-тур өткізілді. Тур барысында экскурсоводтар қалашықтың негізгі нысандарымен танысып, алдағы уақытта жеке тәжірибесінде қолданатын ақпараттар алды. Ескі қалашық «ҚР туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген. Болашақта жоба туристерді тартатын орталыққа айналып, «Тәуелсіздік саябағы», «Ордабасы» ...

Читать далее »