Шымкентке көшіп келген қандастар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» алты ай бойы тұрады. Осы уақыт аралығында орталықта қандастардың елге бейімделуі үшін бірнеше қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда ата жұртын аңсап келген ағайынға алдымен қазақы салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық құндылықтарымыз насихатталады. Қызметкерлер түп-тамырымызды тануға мүмкіндік беретін түрлі әдет-ғұрыптарды дәріптеп, түрлі ұлттық ас мәзірін, қазақы тұрмыс-тіршілікті ...
Читать далее »Рухани жаңғыру
ШЫМКЕНТТЕ«SHYMKENT TOURISM CENTER» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Ресми ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықта қалаға келген шетелдік қонақтарға көрікті жерлер, мәдени шаралар мен қонақ үйлер туралы «бір терезе» қағидаты бойынша мәлімет беру қызметімен танысты. –Орталықтың басты міндеті туристік мекемелердің басын біріктіріп, туристерге жоғары дәрежеде сервистік қызмет көрсетуге ықпал ету. Қалаға келген қонақтар келесі жылы тағы келу үшін ұсынылатын қызмет түрлерін әрмен қарай дамыту қажет,-деді қала ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «ШЕЖІРЕ КҮНІ» АЯСЫНДА «ТУҒАН ӨЛКЕМ — ЖҰМАҚ МЕКЕН» АТТЫ МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ
Қазақстанда биыл Наурыз мерекесін 10 күн бойы атап өту ұсынылған болатын. Бүгін, яғни, 16 наурыз – Шежіре күні болып белгіленген еді. Осыған орай қаладағы «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты Жаңаталап, Қызылжар, Сайрам, Шапырашты мәдениет үйлерінде «Шежіре күні» аясында «Туған өлкем — жұмақ мекен» атты мәдени шара өтті. Аталған шара өскелең ұрпаққа өз тарихын білуге, ер-азаматты патриотизмге баулуға, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК СӘНГЕРЛЕР «НЕО-ФОЛЬКЛОР» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ҮЗДІК ШЫҚТЫ
Қазақстанның барлық өңіріндегі колледжері арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің I ұлттық байқауы өтті. Ұлттық конкурс ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының қолдауымен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен сән индустриясы саласындағы жас таланттарды анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға Қазақстанның 27 колледжінен 50-ден астам үміткер қатысты. Сарапшы қазылар қатысушылардың екі ай бойы өткен топтама үлгілерін, жеке ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚТА 205 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты ағаш көшетін отырғызу шарасы өтті. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Жастар ісі секторы жетекшісі Анарғали Керімбеков және қалалық Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының имамдары, ерікті жастар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында «Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды. Салтанатты iс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және жергiлiктi зиялы қауым өкілдері қатысты. Дәстүрлi ұлттық өнер мектебінің негізгі мақсаты — еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару және дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттауды көздейдi. Мектептің ашылу рәсiмiне қатысқан қала басшысы қобыз, ...
Читать далее »ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНДА 100 ЛИТР ТІЛЕУ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін Көрісу күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ары қарай жалғасты. 12 қанатты киіз үй тігіліп, Ұлыстың ұлы күніне ошаққа от жағылып, күбіде май пісіліп, самаурында шай қайнатылды. Ақ түйенің қарны жарылды, Жер Ананың көкірегі босанып, елдің аузы аққа жетті. Қыстан есен-сау шығып, аналарымыз жеті түрлі дәмнен тілеу көже әзірледі. Қала тұрғындары абзал аналарымыздың ел амандығы мен татулығын тілеп жасаған Тілеу ...
Читать далее »НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ
ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерге 14 наурыз – Көрісу күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз. 1. 14 наурыз Тәуелсіздік саябағында «Наурыз — Шымкенттен басталады!» іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуы 2. 14-23 наурыз аралығында сағат 10.00-де SHYM ART FEST фестивалі 3. 14 наурыз 11.00-де Тәуелсіздік саябағында «Бастау» шеруі және мерекелік концерт 4. 14 наурыз сағат 12.00-де Әл-Фараби алаңы, Ш.Қалдаяқов гүлзары, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМІ ЖӘНЕ ХАКІМ АБАЙ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Шымкенттегі «Хакім Абай» музейінде белгілі абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханның «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта адамзат танымының тарихында қызу талқыланған адамгершілік ұғымының мән-мазмұны мен төркін-тегі Аристотель, Плотин, Әл-Фараби, Ибн-Сина еңбектері негізінде жүйеленіп, айқындалған. Адамгершіліктің ең қайырымдылық пен жан саулығы, ең берісі игілік пен бақыт екені ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
Шымкент орталық мешітінде әжелер мектебінің салтанатты ашылу шарасы өтті. Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және әжелер мектебінің мүшелері қатысты. Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ашылып отырғанына айрықша тоқталып, ...
Читать далее »