Мәдени Астана

МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫНА 200 ПЛАНШЕТ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Шымкент қалалық білім басқармасы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Яғни, білім беру, әдістемелік семинар кеңестер, тіпті білім басшысын тағайындаудың өзі электронды форматта қашықтан өтуде. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларымен апта сайын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, кері байланыс сатысында жиналыс өткізу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Төтенше жағдай режимін сақтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің 1206 қызметкері және 120 арнайы автокөлік құралдары жұмылдырылған. Жалпы Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында жалпы 20 бекет жұмыс істеп тұр. Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, осы күнге дейін блок-бекеттерден жалпы 86 772 автокөлік (63 330 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 17 154 автокөлік (22 971 азамат), қалаға кірген ...

Читать далее »

КӨЛІКТЕР EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДЕ

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді. Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады. «Қызметті онлан алу режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦК) қол қойса ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ЕНГІЗІЛДІ

29 сәуірден бастап Шымкентте карантин жеңілдетілді. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев тиісті қаулыға қол қойды. Атап айтқанда, жеңілдіктер азаматтардың серуендеуіне рұқсат беруге қатысты. Сонымен қатар, енді балаларға тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңдары аумағында серуендеуге рұқсат берілді. Мұны тек ата-аналардың бақылауымен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жасай алады. Бұл ретте балалардың ойын алаңдарында көптеп жиналуына жол берілмейді, ал олардың ...

Читать далее »

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 9 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттегі жаңадан бой көтеріп жатқан білім ошақтарының құрылысымен танысты. Мұрат Әйтенов алдымен Арғынбеков көшесінің бойынан салып жатқан 1200 орындық мектептегі құрылыс барысын көрді. Бүгінде «Атамекен корпорациясы» құрылысын жүргізіп жатқан ғимараттың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. 3 гектар жерге орналасқан мектептің құрылысына 1 млрд. 900 млн теңге қарастырылған. Мердігер компания нысанды қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отыр. Қала ...

Читать далее »

ҚОНАЕВ КӨШЕСІН ҰЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 тұрғын үй салынған. Өкінішке қарай күні бүгінге дейін көпшілігінің сыртқы қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Жергілікті тұрғындар қала әкімі алдында мәселені айтқанда, демеушілер есебінен жөндеп беруге уәде берген болатын. Қазіргі таңда сол үйлердің ірге тасын қалаған «АҚ ордасы» құрылыс компаниясы кепілдік мерзімінің өтіп кеткеніне қарамай өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын бастап ...

Читать далее »

ҚАЙТПАС-1 ШАҒЫН АУДАНЫНА ЖАРЫҚ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының Нұрсәт шағын ауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеті сын көтермейді. 2016 жылы салынған тұрғын үйлердің қабырғаларының әрі көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей түсе бастаған. Мәселені талайдан бері қозғап жүрген үй тұрғындарымен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады. Кездесу барысында құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов көпқабатты үйлердің құрылысын алматылық құрылыс компаниясы жүргізгенін айтты. Мердігердің тұрғын үйге 5 жылдық ...

Читать далее »

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ БОЙЫНША 7 255 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНҒАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен онлайн брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты жан-жақты ақпарат берді. — Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 400 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді.

Читать далее »

САУДА НЫСАНДАРЫ ОНЛАЙН ТӨЛЕМГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУДЕ

Шымкентте 1 мамырдан бастап төтенше жағдай штабының экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы бар деп таныған бірнеше қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмысы қайта басталады. Осылай кезең-кезеңімен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлер өз жұмысына кірісе алады. Дегенмен бұл — қауіптің толық сейілгенін білдірмейді. Барлық сауда нысандарында санитайзерлер мен маскалық режим, дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі. Алдын хабарланғандай, қаладағы барлық шағын және орта бизнес өкілдеріне карточкалық ...

Читать далее »