ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ЕНГІЗІЛДІ

29 сәуірден бастап Шымкентте карантин жеңілдетілді. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев тиісті қаулыға қол қойды.

Атап айтқанда, жеңілдіктер азаматтардың серуендеуіне рұқсат беруге қатысты. Сонымен қатар, енді балаларға тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңдары аумағында серуендеуге рұқсат берілді. Мұны тек ата-аналардың бақылауымен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жасай алады. Бұл ретте балалардың ойын алаңдарында көптеп жиналуына жол берілмейді, ал олардың өздері қорғағыш бетпердесін киюі тиіс.

Бұдан басқа, ересектерге өз тұрғын үйлерінің аулаларына күніне екі рет — 6.00-ден 12.00-ге дейін және 15.00-ден 21.00-ге дейін серуенге шығуға рұқсат беріледі, сондай-ақ екі метр арақашықтықты және бетперде режимін сақтау керек.

Саяжай маусымының басталуы да ескерілді. Енді шымкенттіктер тек қала аумағында орналасқан саяжайлар мен бақшаларға бара алады, Мұны таңғы сағат алтыдан бастап жасауға болады, ал саяжайдан кешкі сағат тоғыздан кеш қайтпауы тиіс. Жолаушының өзімен бірге саяжайға немесе бақшаға меншік құқығын растайтын құжаты болуы тиіс.

Полиция департаментінің қызметкерлері қаладағы тәртіпті қадағалайтын болады. Оларға қоғамдық орындарда және тұрғын үйлердің аулаларында серуендеуге рұқсат етілген уақытты қоспағанда азаматтардың жиналуына жол бермеу тапсырылды.

Ал коммуналдық қызметтер мен әскери қызметкерлерді тарта отырып, аумақтарды өңдеу карантин толық аяқталғанға дейін жалғасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*