Билік

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы тағайындалды. Бақытжан Жолдасбекұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша дәрігер-травматолог. Еңбек жолын Шымкент қаласындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің аға мейіргері болып бастаған. Кейін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқытушы, Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының жедел жәрдем дәрігері, «Дәрігер Орынбаев» медициналық орталығында бөлім меңгерушісі, директордың емдеу ...

Читать далее »

ПРАЙМЕРИЗ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов Қаратау ауданында орналасқан 27 дауыс беру учаскесінде болып, праймеризге қатысушыларға дауыс берді. Өз таңдауын жасаған қала басшысы партияластарын белсенді түрде дауыс беруге шақырды. -Праймериздің мақсаты арамыздан қабілетті, білімді, шынайы көшбасшыларды табу. Бұл саяси додаға кәсіпкерлер, құрылысшылар, медицина мамандары, мұғалімдер, жалынды жастар, көпбалалы аналарға дейін қатысып жатыр. Мен толығымен праймеризге ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 86 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Шымкент қаласында салаларды цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жасалынуда. Атап айтқанда, биыл сегіз ай ішінде Шымкент қаласы әкімдігіне келіп түскен 2, 5 миллион қызметтің 2 миллион 200 мыңы немесе 86,1 проценті электронды түрде көрсетілген. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметті электронды түрде алған азаматтардың саны 700 мыңға өскен. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласының әкімі ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Қалада 1 896 көп қабатты үй бар. Соның 90 проценттен астамы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Қала әкімі, алдымен, әкімшілік-іскерлік орталықтағы жылу қазандығына барды. 2015 жылы іске қосылған қазандық 1124 шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда мол жылу бере алатын BOSCH LOOS UT-HZ пештері ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды. Маулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі. Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. Кейіннен аталған басқарманың прорабы, ...

Читать далее »

БИЫЛ 83 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Шымкент қаласы Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 7 айды қорытындылап, баспасөз брифингін өткізді. Бүгінде аудандарда ауланы абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Әл Фараби ауданында 100 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 100 аула абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үй 400 аулаға біріктірілген. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әлжан Әлішерұлы 1971 жылы туған. Мамандығы — заңгер-оқытушы. Ол 1992 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздіксіз әскери қызметте болған. Кейіннен Астана қаласындағы «ITS Security Group» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің тыныс-тіршілігімен танысты. Жастар ресурстық орталығының басшысы Жұлдыз Балтабаева орталықтың атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады. Шыңғыс Жұмабекұлы орталықтың жай-күйімен танысып, жастар саясатын одан әрі жандандыру мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу, жаңа идеяларды жүзеге асыру, перспективалық бизнес-жобаларды жүйелі жүргізуді ...

Читать далее »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯІШІЛІК ІРІКТЕУІН БАСТАДЫ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Елімізде Nur Otan партиясының партияішілік іріктеу бәсекесі басталды. Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында праймериз алғаш рет өткізілуде. Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МЕН СЕНАТОРЛАР КЕЛДІ

Бүгін Шымкент қаласына іссапармен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова келді. Қонақтар қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында сөйлесті. Сондай-ақ, олар Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған коронавирусқа қарсы күрес бойынша арнайы ситиуациялық штабтың жұмысымен танысты. Қала басшысы онда жұқпалы дертпен күресте әкімдік тарапынан атқарған жұмыстар ...

Читать далее »