БИЫЛ 83 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Шымкент қаласы Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 7 айды қорытындылап, баспасөз брифингін өткізді. Бүгінде аудандарда ауланы абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Әл Фараби ауданында 100 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 100 аула абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үй 400 аулаға біріктірілген.

— Биыл 83 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шарт негізінде жұмыспен қамту мақсатында жалпы ашылатын жұмыс орындарының саны 294. Жалпы 148 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тартылды, — деді аудан әкімі.

Ауданда тұрғындардың игілігі үшін әр қөпқабатты тұрғын үй аулаларына жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері, беседкалар, тренажерлық комплекстер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері орнатылып жатыр.

Келісім-шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айы. Дегенмен мердігер мекеме тарапынан аталған жұмыстарды қыркүйек айында тұрғындар игілігіне тапсыру жоспарда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*