Негізгі

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін «AMANAT»-тың Шымкент қалалық филиалында партияға жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Филиал және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдады. Төраға журналистер қауымына билеттер табыстай отырып, партияның сайлауалды бағдарламасын, стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасап, өңіріміздің дамып, өркендеуіне партия мүшесі ретінде лайықты үлес қосатындарына сенім білдірді. «AMANAT» ...

Читать далее »

ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

Теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары қазір қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге қайта құру жұмыстарының барысын қадағалады. Халық санының жылдан-жылға артуы мен қалаға келетін туристердің көбеюі жұмыс жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызметті жақсартуды талап етуде. Реконструкциялау жобасына сәйкес, теміржол вокзалының аумағы 2249,33 шаршы метрге ұлғаяды. Ғимараттың жолаушы өткізу қабілеті қазір сағатына 2 мың адамды құрайды. Қайта ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫ

Жұмыс берушілер қала тұрғындарын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға қабылдайды. Жұмысшылардың еңбек ақысы бағдарлама талаптарына қарай мемлекет есебінен толығымен немесе ішінара төленеді. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Жалпы, жыл соңына дейін тағы 500-ден астам адамды субсидияланатын жұмыс ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІКТЕР ТАЗА АУЫЗ СУ, САПАЛЫ ЖАРЫҚ, КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мегаполисте инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, қала тұрғындары сапалы электр энергиясы, табиғи газ, ауыз сумен қамтылып, елдімекендер кәріз жүйесіне қосылып, тозығы жеткен жылу құбырлары жаңартылады. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы отырысында 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы есебінде қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Ердембеков ...

Читать далее »

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» – ТҰРҒЫНДАР ҮШІН

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында кезекті рет «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жолы партияға келген тұрғындардың заң аясында туындаған мәселерінің шешу жолдарын қалалық Әділет басқармасының қызметкерлері, Zangerler Palatasi заң консультанты Ақылбекова Ақниет Абдразаққызы және адвокат Тлеуов Ерлан Алибекұлы қарастырды. Олар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету бойынша кеңес берді. Мәселен, Тассай ...

Читать далее »

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік көмек көрсетті

«AMANAT» партиясының белсенді мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік қорғалуынан хабардар болып, ұдайы оларға жасалған жағдайларды біліп, қадағалап тұрады. Партияның қоғамдық қабылдауларына аталмыш жоба бойынша емделу, әлеуметтік көмек алу мәселелерімен келетіндер де аз емес. Партияластар жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуды назардан тыс қалдырған емес. Бүгін де жомарт жандар, жеке кәсіпкерлер Оңалбек Даяс, Ережепов Нұралы, Ошақбаев ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Онда 5 жылға арналған үшінші мегаполисті дамытудың Жол картасы талқыланып, бекітілді. Саяси Кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанаты, партияластар мен БАҚ өкілдері қатысқан мәжілісті қалалық филиал және мәслихат төрағасы НАРЫМБЕТОВ Бахадыр Мәдәліұлы ашып, жүргізді. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын ...

Читать далее »

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысын «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы жүргізіп, аймақтық кеңестің жаңа құрамымен таныстырды. Шымкент қалалық Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің төрағасы болып Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы тағайындалды. Кеңес отырысына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы, Шымкент қалалық ...

Читать далее »

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ БАС ҚОСТЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Жиында партиялық бақылау комиссиясының құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Комиссияның төрайымы болып келген Қожамжарова Дария Пернешқызы қазіргі таңда қалалық маслихатының депутаты, партияның Әл-Фараби ауданы филиалының төрайымы және қалалық маслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия төрайымы. Ол кісінің қоғамдық жұмыстарының көбеюіне орай,қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, қалалық маслихатының ...

Читать далее »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңесінің көшпелі жиыны өтті. Көшпелі жиынға филиал жанындағы кеңестің төрағасы Жеңісбек Тұрғанов, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сейтжанов, кеңес мүшелері және партия филиалының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы тармақтардың жүзеге асырылуы талқыланды. Зерделеу жұмыстары Бозарық, ...

Читать далее »