ПАРТИЯ ҚАТАРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгін «AMANAT»-тың Шымкент қалалық филиалында партияға жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Филиал және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдады.

Төраға журналистер қауымына билеттер табыстай отырып, партияның сайлауалды бағдарламасын, стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасап, өңіріміздің дамып, өркендеуіне партия мүшесі ретінде лайықты үлес қосатындарына сенім білдірді.

«AMANAT» әрқашан қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасынан табылып келеді. Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында азаматтық қоғам мен билік арасындағы дәнекер болу үшін халық өкілдерімен етене жұмыс істеп келеміз. Осы ретте журналистер, сіздердің атқарар рольдеріңіз зор. Партия қатарына өз пікірін, ойын ашық айтып, қаланың, еліміздің дамуына үлес қосамын деген азаматтардың қосылып отырғаны қуантады. Бұл біліміңіз бен тәжірибеңізді Отанымыз бен халқымыздың игілігі жолында жұмсауға жасалған мүмкіндік екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта партиялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысасыздар деп үміттенемін. Барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қалалық партия филиалы бойынша 28 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 38 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*