Бүгін зағип жандарға арналған «Үміт» мектеп-интернатының ұжымымен кездесу өтті. Мектеп-интернаттың қызметкерлеріне мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жайлы кеңінен түсіндірілді. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова, қалалық мәслихат депутаттары А.Елшиева, Қ.Сүлейменов, Қ.Сұлтанғали қатысты. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Әлібекқызы басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауында назар аударылып отырған барлық басымдықтардың маңызына ...
Читать далее »Негізгі
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, пікір алмасу болды. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова, қалалық мәслихат депутаттары Ш.Қозбахов, Қ.Имашев, партиялық бақылау комиссия мүшесі Н.Ешенқұлов, Абай аудандық партиялық бақылау комиссиясының ...
Читать далее »ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ – БҰЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Шымкенттегі Орманшы тұрғыналабында инфрақұрылым мәселелері толығымен дерлік шешілген. Жергілікті тұрғындардардың көгілдір отын, су мен жарыққа шағымы жоқ. Балаларға арналған ойын алаңшалары да талапқа сай. Бүгін №74 жалпы орта білім беретін мектептің мәжіліс залында тұрғындарымен өткен кездесуде көпшіліктің пікірін жеткізген аймақ азаматтарының сөзінен байқау қиын емес. Орманшы тұрғындары «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева мен қалалық мәслихат депутаты, «Сайрам-Өркениет» ...
Читать далее »ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында шаhардағы «Карлскрона» ЖШС кәсіпорнының ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны АМАНАТ партиясының Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы ұйымдастырды. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Наргиза Керімбаева Мемлекет басшысының Жолдауындағы жаңа экономикалық саясат, кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа өзгерістер, жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін көтеру жөніндегі негізгі басымдықтарды атап берді. – Мемлекет басшысы Жолдауда жаңа экономикалық бағдарымызды айқындап берді. Жаңадан кәсіп ...
Читать далее »ТӘРБИЕ — ТАЛ БЕСІКТЕН
Бүгін «Жастар рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен партияның «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында Cемей ядролық cынақ полигонының ардагерi (Ұлы Отан соғысына теңестірілген), Қазақстан Республикасының ардагері Тұранқұлов Абдурашид қариямен кездесу өтті. Жиынды Шымкент қалалық «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы С.Бауыржанұлы жүргізді. Сонымен қатар іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – жастарды отансүйгіштікке және ...
Читать далее »«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ТҰҒЫРНАМАСЫ ҚОҒАМ ТАЛАБЫНА САЙ
«AMANAT» партиясы – еліміздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы. Билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасында партияның бағдары мен замануи бағыты айқындалған. Партияның басты мақсаты — әрбір азаматының құқығы қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру. Басты міндеті – Қазақстанның территориялық тұтастығы мен мызғымастығын сақтау, қауіпсіздігін күшейту, ...
Читать далее »ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛДАН №108 МЕКТЕП КОМАНДАСЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА ШЫҚТЫ
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі басталды. Бүгінгі сайыс №135 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. Қыздар арасындағы волейболдан № 108, 68, 114, 80 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста №108 мектептің қыздары жеңімпаз атанып, келесі ойынға жолдама алды. — Волейбол жарысына осымен 12 ...
Читать далее »ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Халықаралық қарттар күніне орай, аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Жылдағы дәстүрге сай “Миллионер” мейрамханасында қарттарға дастархан жайып, өмір жолдары мен ел үшін жасаған еңбектерін ұлықтады. Арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, ән-күйден шашу шашылды. Қала әкімінің сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар ардагерлер қауымы марапатталды. Шаһар басшысы М.Әйтенов ...
Читать далее »ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМАҒА ҰСЫНЫСТАР ЖАСАЛДЫ
«AMANAT» партиясы Қаратау ауданына қарасты, Абай атындағы №31 орта мектеп жанындағы «Мирас» бастауыш партия ұйымының ұжымына партияның саяси тұғырнамасы таныстырылды. Жетекші партияның саяси құжаты «Адам – Қоғам – Мемлекет» принципіне құрылған. «Әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы. Қазақстан азаматы өз елі, өз жерінде алдағы болашағына алаңдамайтындай өмір ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
БІЗДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ – АДАМ Бүгін Шымкент қалалық Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасы таныстырылды. «Халық үніне құлақ асатын партия» форматы негізге алынған тұғырнамамен алғашқы болып партияның Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Жәрдем» Бастауыш партия ұйымының мүшелері танысты. Ақ халатты абзал жандар жиында саяси құжат қамтыған мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Бұл тұғырнаманың ерекшелігі сол: құжат әзірлеу және ...
Читать далее »