ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМАҒА ҰСЫНЫСТАР ЖАСАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Қаратау ауданына қарасты, Абай атындағы №31 орта мектеп жанындағы «Мирас» бастауыш партия ұйымының ұжымына партияның саяси тұғырнамасы таныстырылды.

Жетекші партияның саяси құжаты «Адам – Қоғам – Мемлекет» принципіне құрылған. «Әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы. Қазақстан азаматы өз елі, өз жерінде алдағы болашағына алаңдамайтындай өмір сүруі керек екені айтылады тұғырнамада.

Жаңа Қазақстан жастары халқымыздың тарихын, тілін, салт-дәстүрін қастерлей отырып, бүгінгі дәуірдің талабына бейімделген, терең білімді, технологиялық жаңалықтарды еркін меңгерген, көшбасшылық, прагматикалық қасиеттерге ие, ХХI ғасырдың нағыз ұрпақтары болуы керек.

Жиын соңында бастауыш партия мүшелері тұғырнамаға ұсыныстарын қосып, пікірлерін білдіріп, аудандық конференцияға делегаттар сайлады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*