Шымкенттегі Бадам өзені бойында салынып жатқан көпірде қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілген болатын. Аталған көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені – 28,2 метрді құрайды. Көпір ...
Читать далее »Экономика
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ОНЛАЙН ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтан жұмыс істеу, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, бос тұрып қалу уақытын ресімдеу, сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен айрылғандарға ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде (42 500 теңге) төлемін жүргізу қарастырылған. Осы орайда, Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасымен мекемелер, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыскерлерге еңбек ...
Читать далее »СOMMUNAL-KOMEK.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 22 390 ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНҒАН
Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау үшін communal-komek.kz интернет платформасы іске қосылған болатын. Қазіргі таңда аталған портал арқылы Шымкентте 22 390 өтінімнің 14 773-інің жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, 7 255 азаматтың өтініші мақұлданған. Тиісінше 7 518 азаматтың жеке (абоненттік) есепшоттары сәйкес келмегендіктен өтініштері қанағаттандырылмаған. 15 000 теңге көлеміндегі ...
Читать далее »КӨЛІКТЕР EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДЕ
Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері Шымкент тұрғындары egov.kz порталы арқылы 200-ден астам автокөлікті тіркеді. Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электронды үкімет порталында ала алады. «Қызметті онлан алу режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, өтінімді толтырып, жеке электронды цифрлық қолтанбамен (ЭЦК) қол қойса ...
Читать далее »КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ БОЙЫНША САLL-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу мақсатында (15 мың теңге) азаматтарға кеңес беру үшін 29.04.2020 жылдан бастап Call-орталығы жұмысын бастады. Орталық таңғы 9:00-18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмыс істейді. 15 мың теңгеден берілетін әлеуметтік көмек бойынша туындаған сауалдар болса, енді 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуларыңызға болады. Айта кетсек, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналдық шығыны үшін төлем алушылардың келесі санаттары айқындалған. Олар: — ...
Читать далее »САУДА НЫСАНДАРЫ ОНЛАЙН ТӨЛЕМГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУДЕ
Шымкентте 1 мамырдан бастап төтенше жағдай штабының экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы бар деп таныған бірнеше қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмысы қайта басталады. Осылай кезең-кезеңімен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлер өз жұмысына кірісе алады. Дегенмен бұл — қауіптің толық сейілгенін білдірмейді. Барлық сауда нысандарында санитайзерлер мен маскалық режим, дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі. Алдын хабарланғандай, қаладағы барлық шағын және орта бизнес өкілдеріне карточкалық ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 266 814 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
2020 жылғы 28 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 266 814 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 263 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 266 814 азаматтың ішінде 254 032 өтініштер бойынша, ал, 12 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУДІ ЖЕҢІЛДЕТУ ЖАҒЫН ҚАРАСТЫРДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен жұмыс барысында кездесу өткізді. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге несие беруді оңтайландыру барысын саралады. Корпорация жұмысымен танысқан М.Әйтенов штат кестесін қайта құрылымдау және инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Бүгінде аталған департаменттің қарауындағы 353 инвестициялық жоба бар. Осыған орай, қаланың инвестициялық тартымдылығын ...
Читать далее »1 МАМЫРДАН БАСТАП БІРҚАТАР КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 2020 жылғы 1 мамырдан бастап қалада кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталатынын атап өтті. — Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Президент тапсырмасымен елімізде карантин режимін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «СӘУЛЕДЕГІ» 276-ОРАМҒА ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ
«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы бүгін орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. – Жыл басында халық алдындағы есепті жиында жол мәселесіне ерекше айтылған еді. Біз уәдемізді орындаймыз, деді қала басшысы. Жалпы бұл орам қала құрамына енген 41 елді мекеннің бірі. – Бастапқыда орамда ...
Читать далее »