СOMMUNAL-KOMEK.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 22 390 ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНҒАН

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттары үшін коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау үшін communal-komek.kz интернет платформасы іске қосылған болатын.

Қазіргі таңда аталған портал арқылы Шымкентте 22 390 өтінімнің 14 773-інің жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, 7 255 азаматтың өтініші мақұлданған. Тиісінше 7 518 азаматтың жеке (абоненттік) есепшоттары сәйкес келмегендіктен өтініштері қанағаттандырылмаған.

15 000 теңге көлеміндегі коммуналдық төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 сымтетігі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын Call-орталығы өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен #Birgemiz акциясы аясында «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының әлеуметтік үйінің жанынан құрылған қалалық Call-орталығы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз қызмет атқаруда.

Байланыс нөмірлері:
Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45
Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29
Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57
Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49.

Айта кетсек, орталық тарапынан қазірге дейін 5 256 азаматтың сұрақтарына жауап берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*