Руханият пен ғылым жайы талқыланды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында жазушы-драматург Роза Мұқанова мен Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановты қабылдады» деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Роза Мұқанова Мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Əңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мəселелері талқыланды. Ақан Бижанов Президентке Философия, саясаттану жəне дінтану институтының жұмысы туралы баяндап, Қазақстан ғылымының, идеологиясы мен мəдениетінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, кездесу кезінде əл-Фарабидің 1150 жəне Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын өткізуге дайындық мəселелері сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды əлеуметтік-саяси жаңғырту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру барысында əл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының ғылыми жəне рухани мұраларын негізге алудың маңызды екенін атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*